KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Жеке сот орындаушылар саны артты

9.02.2018, 09:18 123

Әділет органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – атқарушылық өндіріс құжаттарын орындау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру екендігі белгілі.


Мәселен, былтыр аймақтың аумақтық мемлекеттік сот орындаушылар бөлімдерінде жалпы сомасы 21 млрд. теңгені құрайтын  26 240 атқарушылық құжат орындауда болған. Оның ішінде 25 633 атқарушылық құжат (98%) бойынша 16 млрд. теңгеден астам сомаға өндірістер аяқталған.


2017 жылдың 12 айында аумақтық бөлімдерде орындауда болған алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттардың жалпы саны – 16 762 болса, 16 739 құжат бойынша өндірістер аяқталған.


Облыстық әділет департаменті мамандарының айтуынша, 336  борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған, борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 464 материал жолданған. Олардың барлығы бойынша қылмыстық істер қозғалып, 44 іс сотқа жолданса, 360 материал қысқартылған.


– Қазір облыста 105 жеке сот орындаушы қызмет етеді. Өткен жылы жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығына үміткерлерді аттестаттау бойынша 4 аттестаттау комиссиясының отырысы өткізілді,  нәтижесінде 13 лицензия берілді. 2017 жылы жеке сот орындаушыларының орындауында 161 301 құжат болса, соның 52,6 %-ы аяқталған, - дейді облыстық әділет департаментінің басшысы Ерлан Дауылбаев.

Департамент басшысы айтқан мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта алимент өндіруде 10 193 атқарушылық құжат жеке сот орындаушылардың орындауында жатыр. 300 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Мемлекет басшысы айқындаған Ұлт жоспарында 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі аралықта мемлекеттік сот орындаушыларды кезең-кезеңмен қысқарту көзделгені мәлім. Соған орай былтыр әділет департаментінің 40 мемлекеттік сот орындаушысы жеке сот орындаушыға ауысқан. Ағымдағы жылдың наурыз айына дейін тағы 19 мемлекеттік сот орындаушыны жеке сот орындаушыға ауыстыру жоспарлануда.


– Жеке сот орындаушылардың санын бұдан әрі арттыру облыс аудандарының қызметін толық қамтып қана қоймай, жеке сот орындаушылардың арасында үлкен бәсекелестік туғызады, - дейді департамент басшысы.

Атқару өндірісінің мақсаты – бұзылған және даулы құқықтарды немесе заңмен қорғалатын мүдделерді нақты қалпына келтіруді қамтамасыз ету. Сондай-ақ сот орындаушылар алимент бойынша өндірісте медиатор рөлінде де қызмет атқарып келеді. Айта кетсек, медиация арқылы есепті кезеңде облыстың сот орындаушыларымен 19 жұп татуласқан екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив