KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Өскеменнің трамвай паркі трамвайлардың тоқтамайтынына сендіріп отыр

9.02.2018, 07:41 92

Қала әкімшілігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында “Шығысэнерготрейд” компаниясы Өскемендегі трамвай паркінің электр энергиясын беруге шектеу қоятыны туралы мәлім етті. Трамвайлардың жұмысы 16 ақпан күні тоқтатылмақ.


“Трамвай паркінің «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдындағы қарызы 63 469 965 теңгені құрады”, – деп көрсетілген аталмыш хабарламада.


Сондай-ақ, қала әкімдігі бұл жағдайға дайын екені де хабарлануда. Электр энергиясына шектеу енгізілген күні жолаушы тасымалымен трамвай жолдарын қайталайтын автобустық маршруттар айналысады екен.


Біз Өскемен Трамвай паркінің директоры Анатолий Успенскиймен байланысқа шықтық.


-Қазіргі уақытта қаржыландыру бойынша мәселелер қарастырылуда, - дейді Анатолий Успенский. – Келер аптада қарызды қайтаруға қаражат мәселесін шешеміз. Трамвай паркі жұмысын тоқтатпайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив