Өскемен
-2°
снег ветер 8 м/с, ЮВ
461.33 501.65 5.1

Семей-Қайнар жолы жөнделіп жатыр

8.02.2018, 05:54 97 0

Өңіріміздегі республикалық маңызы бар «Семей-Қайнар» автомобиль жолының жалпы ұзындығы 276 шақырым. Семей қаласын Қыземшек, Знаменка, Саржал, Қайнар елді мекендерімен байланыстырып тұрған бұл жолдың жөндеу жұмыстары былтырдан бері жүргізіліп келеді.


Өткен жылы  республикалық маңыздағы «Семей-Қайнар» жолының 12,8 шақырымына 318 миллион теңгенің орташа жөндеу жұмыстары, 100 шақырымнан астамына 254 миллион теңгенің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал биыл республикалық бюджеттен 38 шақырым жолдың жөндеу жұмыстарына 900 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.


Былтыр жергілікті бюджет есебінен Ақбұлақ, Айнабұлақ, Таңат елді мекендерінің кіреберіс жолдары ағымдағы жөндеуден өтті.


Үстіміздегі жылы жалпы ұзындығы 38 шақырым болатын екі жол учаскесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, жалпы аумағы 81 мың шаршы метр болатын үш жол учаскесіне шұңқырларды бітеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

97
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив