KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Құқық бұзушылықтың алдын алуға жастар да көмектеседі

7.02.2018, 11:12 108

Облыс жастары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасының жастар ресурстық орталығы, облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі мен облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті арасында үш жақты меморандумға қол қойылды.


Осыдан бастап облыс аумағындағы пробация қызметіндегі инспекторларға 50 жас ерікті құқық бұзушылықтың жолын кесуге, жазасын өтеп шыққандар мен шартты түрде өтеушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге көмектесетін болады.


Ресми дерек көздеріне сүйенсек, өңір жастары арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда 5,3 пайызға төмендеген. Облыстық ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Еркебұлан Балтабековтің айтуынша, Өскемен, Семей қалалары мен Зырян Шемонайха аудандарындағы жастармен кездесулер ұйымдастырылып, оларға психологиялық және заңгерлік кеңестер берілген.


– Былтыр облыстағы бірқатар спорт кешенінде жастарға 50 пайыздық жеңілдік берілді. Бұл облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мен жастар орталығының, «Жас Отан» жастар қанатының арасында жасалған меморандум нәтижесінде іске асырылды, - дейді Еркебұлан Балтабеков.

Алдағы уақытта жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Бақытты балдырған», «Қауіпсіз қала», «Қайырымдылық сөресі» атты акциялар ұйымдастырылып, түрлі семинар-тренингтер өткізілмек. Облыстық ішкі саясат басқармасының жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекованың айтуынша, меморандумға сәйкес кешенді шаралар жүзеге асырылады.


– Жас еріктілер жасағы қылмыстың өсуіне жол бермей, адал қызмет атқарады деп сенеміз, - дейді облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ерлан Кәрменов.

 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив