KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Онкологиялық диспансерде тиімділігі жоғары компьютерлік томограф орнатылды

6.02.2018, 07:28 194

Аталмыш медициналық жабдықтың жоғары тиімділігі онкологиялық ауруларды өте ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беруімен байланысты.


Онкологиялық диспансердің бас дәрігерінің орынбасары Арман Темірханұлының айтуынша, бұл 128 срез жасайтын соңғы үлгідегі жаңа компьютерлік томограф. Оның функциялары нақты онкологиялық ауруларды анықтауға арналған. Томограф кезкелген органдағы, сүйек пен тіндегі көлемі 2-3 мм болатын ісіктерді де көре алады екен. Сондай-ақ, қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың ем-шара алу барысында бақылауға мүмкіндік береді.


Компьютерлік томограф диспансерге өткен жылдың желтоқсан айында әкелінген еді. Қазіргі уақытта медициналық жабдық толығымен орнықтырылып, пайдалануға әзір тұр. Жақын арада Мәскеу қаласынан арнайы шақыртылған ренгенолог-дәрігер келіп, жергілікті мамандарды томографтың жұмысымен таныстырып өтуге тиіс.


Аталмыш томографта жылына 1800 зерттеуге дейін жүргізу жоспарлануда, бұл шамамен күніне 9 адамды құрайды екен. Қолдану ұзақтығы – 45 минут.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив