KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Жарылысқа жол бермеді

6.02.2018, 06:34 139

Жарма ауданының өрт сөндірушілері өрт шыққан үйде газ баллонының жарылуына жол бермеді. Алайда оқиға орнына кеш жеткен құтқарушылар 1954 жылы туған ер адамның жартылай жанып кеткен мәйітін алып шықты.


Қалбатау ауылындағы жеке меншік үйлердің бірінде шыққан өртті көршілері кеш байқаған. Өртке қарсы қызмет мамандары келіп жеткенше, қызыл жалын жатын бөлме мен ас үйді толықтай тұмшалап алған. Жанып жатқан ғимараттың ішіне енген құтқарушылар ер адамның мәйітін, ал ас үйден газ баллонын алып шықты. Абырой болғанда, ол жарылып үлгермеген.


Өрттің жалпы аумағы 35 шаршы метрді қамтыды. Мамандар өрт мас кезінде темекі шегуден шығуы мүмкін деген болжам айтып отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив