KZ
Өскемен
+15°
небольшой дождь жел 4 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Оқушылар Әбіш әлеміне енді

6.02.2018, 03:30 149

Жақында  К. Бозтаев атындағы орта мектепте заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың аудандық оқулары өтті.  Онда Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы өтіп, оқушылар шығармаларын  мәнерлеп оқу, зерделеу жоба байқаулары ұйымдастырылды. Ең соңында жазушы қаламынан туған дүниелер бойынша сахналық қойылым байқауы болып өтті. Нәтижесінде иллюстрациялық суреттер бойынша 1-орын Рамазанова Айым (№4 орта мектеп), 2- орын Орыншайыхова Бұлбұл( Ж. Жабаев  атындағы орта мектеп), 3-орын Тұрсынғазиева Айдана (№3 орта мектеп оқушысы) жеңіп алып, мақтау қағаздарымен марапатталды.


Сондай-ақ, мәнерлеп оқу кезеңі бойынша 1-орын Сағындықова Ақбота (№1 орта мектеп), 2-орын Сәрсенбаева Іңкәр (№5 орта мектеп), 3-орын Мүбәрәкова Толғанай (Ж.Жабаев атындағы орта мектеп оқушылары) иеленді. Шығармашылық жұмыс бойынша зерделеу жоба қорғау кезеңінде  1-орын Рафаилова Дильназ (Ж. Жабаев атындағы орта мектеп оқушысы) марапатталды.


Сол сияқты, сахналық қойылым кезеңі бойынша № 3 орта мектеп оқушылары 1-орын, №5 орта мектеп оқушылары 2-орын иеленді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив