Ольга Рыпакова Олимпиадалық стипендия иегері атанды

«Олимпиадалық ниеттестік» бағдарламасы аясында 24 қазақстандық спортшы олимпиадалық стипендия иегерлері атанып отыр. Бұл тізімге жерлесіміз, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да кірді.
Халықаралық Олимпиада комитеті іріктеп алған спортшылар 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының қатысушылары ретінде биылғы 1 қаңтардан бастап ХОК-тың қосымша қаржыландыруына ие болмақ.
Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, олимпиадалық стипендия алатындар қатарында даңқты жеңілатлет Ольга Рыпакова да бар. Сонымен қатар бұл тізімге Назым Қызайбай, Галбадрах Отгонцэцэг, Елдос Сметов, Василий Левит сынды саңлақтар енген-ді.
132
0
0
Сонымен қатар оқыңыз
Ольга Рыпакова Қазақстан Олимпиада құрамасының Туын ұстайдыРесми: Ольга Рыпакова - Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегеріТокиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ШҚО-дан 10 спортшы қатысадыОльга Рыпакова Конституция күнінде елге "алтын" тарту еттіОльга Рыпакова 2020 жылғы Токио Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды