KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Жолдаудың стратегиялық бағыттарын насихаттауда

30.01.2018, 04:47 166

Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдау шеңберінде, Абай атындағы кітапхана қызметкерлері ұжым арасында «Президент Жолдауын талқылаймыз» тақырыбында жедел-мінбе өткізді. Шара барысында кітапхана ұжымына Жолдаудың 10 міндеті түсіндірілді. Елбасы өз баяндамасында адам капиталын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, әлеуметтік мәселелер бойынша бірқатар тапсырмаларды атап айтқан болатын. Болашақ ұрпақ үшін жаңа технологиялар мен заманауи әдістерді меңгеру, білім беру жүйесінің сапасын арттыру, білім алу шеңберін кеңейту Қазақстандық дамудың болашақтағы кепілі болып табылады. Жолдауды талқылау барысында кітапхана ұжымы өз пікірлерін ортаға салды. Шара соңында Елбасы жолдауына арналған слайд ұсылынып, Жолдаудың 10 бағыты жайлы бейнеролик көрсетілді.


 -Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауда аймақтық әдістемелік орталық болып саналады,-дейді Абай атындағы әмбебап кітапхана  дамыту бөлімінің кітапханашысы Исабай Айқын,-Орталық мүшелері Жолдаудың стратегиялық бағыттарына сәйкес Семей қаласы тұрғындарының ақпараттық және азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында кітапхана қабырғасында, түрлі мекемелерде іс-шаралар өткізіп келеді. 2018 жылғы Елбасы Жолдауы бойынша «Ел басы Жолдауы–жарқын болашақ негізі», «Рухани жаңғыру болашаққа бағдар», «Қазақстанның даму басымдықтары», «Стратегия – 2050: жаңа міндеттер, бағдарлар мен бағыттар» тақырыптарына іс-шаралар өткізуді жоспарлауда.

Сонымен қатар кітапхананың дамыту бөлімі Елбасы Жолдауының негізгі міндеттері мен мақсаттарына арналған, сондай-ақ, Жолдауда айтылған нақыл сөздеріне байланысты көрме-стенд ұйымдастырды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив