KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Облыстың энергетикалық ресурсын ұтымды пайдалану керек

27.01.2018, 03:01 90

Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы сараланған жиында аймақ басшысы Даниал Ахметов осындай міндет жүктеді.


Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде Тұрғысын су-электр стансасы салынып жатыр, нысан құрылысы осы жылы аяқталмақ. Жарма және Ұлан аудандарында 3 жел және 1 күн электр стансасы бой көтеруі тиіс. Жалпы, облыста осындай 26 энергетикалық жоба бар.


Жуық арада облыста қатты қалдықтарды бөліп жинау ісі қарқын алатын болады. Алдымен Өскемен, Семей, Зырян қалаларында бастау алатын бұл жұмыс экологиялық мәселелерді шешіп, қосымша пайда әкелмек. Облыс орталығында тұрмыстық қалдықтарды өндейтін қуаттылығы 20 мың тонналық зауыт салу көзделуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив