KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Ақсуат пен Шіліктінің жолы жөнделмек

26.01.2018, 09:18 310

Жолаушылары көлігі және автомобиль жлдары басқармасы Күршімдегі  Ақсуат және Зайсан ауданының Шілікті жолындағы учаскелерді жөндеуге бюджеттік тапсырыс жасап, Инвестиция және даму министрлігіне жолдап отыр.


Облыстық маңыздағы «Күршім-Қалжыр-Ақсуат» бағытындағы жолдың Ақсуат ауылы тұсындағы бірнеше шақырымын көктем сайын су басып кетіп, ауыл жұртын әбден әбігерге түсіріп келеді. Соңғы үш жыл бойы жолдың үш шақырымнан астам  бөлігі тасқын судың астында қалып, ел әрі-бері өте алмай әлек. Басқарма басшысы орынбасарының айтқанындай, Күршім-Ақсуат, Аманат ауылдарын байланыстыратын автокөлік жолы бөлігін жөндеп, салуға  сметалық есептер жасалып, жөндеу құны анықталған. Жол учаскесінің 5 шақырымын жөндеу құны 93 млн. теңгеге түспек.   Жол бөлігін биыл республикалық бюджеттен және облыс қазынасының қосымша қаржыландыруымен бөлінетін қаражатқа  жөндеу жоспарланып отыр. Елбасының биылғы Жолдауының 4-ші бағытында көрсетілген транспорт пен  логистикалық инфрақұрылымдарды одан әрі дамыту, ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу міндетіне орай қазіргі күні Үкімет қаржы салуды қажет ететін  жергілікті жерлердегі жолдардың тізімін жасап жатыр. Басқарма осы Ақсуат және Зайсан ауданының Шілікті жолындағы учаскелерді жөндеуге бюджеттік тапсырыс жасап, Инвестиция және даму министрлігіне жолдап отыр.


Республикалық бюджеттен берілетін қаржының бөлінуіне қарай жолшылар биыл «Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар» бағытындағы 128 шақырымдық «Зайсан-Шілікті» жолына да жөндеу жүргізуді, бұл жол учаскесіндегі  қиыршық тасты жолды асфальттауды көздеп отыр.  Осы жолдың бойында Кеңсай, Тасбастау,  әрі қарай Ақжар, Жаңалық, Сарши, Сарыөлең, Жалғызтөбе, Маңырақ елді мекендері орналасқан. Шілікті өңірінде ашылып жатқан археологиялық  ескерткіштер мен жүргізіліп жатқан қазбалардың  маңыздылығы ескеріле отырып, Шіліктіге барар жолдың жобалық есебі жасалып, биыл жолдың 43 шақырымына  800 млн. теңгеге асфальт төсеу жоспарланып отыр.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив