KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Шығысқазақстандық құтқарушылар  күшейтілген қызметке көшті

24.01.2018, 07:01 126

Үскірік аязға байланысты Шығыс Қазақстандағы шұғыл әрекет ету қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Жексенбі күні дағдарыс орталығы өз жұмысына толыққанды кірісті. Күн райының қолайсыздығына байланысты болып жатқан көптеген оқиғалар туралы ақпараттар бұндағы мамандарға хабарланып жатыр. Сонымен қатар осындай қысылтаяң кездері жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері де алдын-ала пысықталып, реттелген.  Әзірге өңірдегі жағдай тұрақты. Ең  селт еткізген оқиға Аягөз қаласынан 40 шақырым жерде сынып тұрып қалған жолаушылар автобусына байланысты болды.  Оларға жедел көмек көрсетілгендіктен  жолаушылар дін аман.



-Дағдарыс орталығы күшейтілген жұмыс тәртібі кезінде шұғыл әрекетке көшу үшін  арнайы құрылған болатын. Төтенше оқиға болған жағдайда мамандардан құрылған бөлімше ол жерге шұғыл түрде жететін болады.Өрт сөндіру қызметі де штаттық режімде жұмыс жасап, сақ отыр, өйткені осындай аязды күндері  өрт оқиғалары да жиі тіркеліп жатады,-дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.

Құтқарушылар жұртқа қарапайым қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауға кеңес береді. Әзірге мейлінше алыс жолға шықпаған абзал. Ал жер үйде тұратындар пеш жағу кезінде аса абай болғандары жөн.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив