KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

«Жұлдызша» жарысы жақсы көңіл-күй сыйлады

24.01.2018, 03:20 113

Жуырда аудандық  білім  бөлімі, аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту,  денешынықтыру және  спорт бөлімдерінің  ұйымдастыруымен мектеп – гимназияның хоккей  қорапшасында  шайбалы  хоккейден аудандық «Жұлдызша»  жарысы  өткізілді. Жарысқа  ауданымыздағы  хоккей  ойынына  арналған  құрал – жабдықтары  бар  10 орта  мектебі командалары  қатысты.   Ашылу  салтанатында  мәдениет, тілдерді дамыту,  денешынықтыру және  спорт бөлімі басшысының  орынбасары Ж. Аманов, аудандық  білім  бөлімінің әдіскері С.  Қыржыбаев  жас  хоккейшілерді  құттықтап, сәттілік  тілеген соң ойын басталды.


Тартысты кездесулердің қорытындысы бойынша І  орынды Шынғожа  батыр  атындағы  орта  мектебінің  командасы, ІІ  орынды № 6 орта  мектебінің  командасы, ІІІ  орынды С.  Сейфуллин  атындағы  орта  мектебінің командалары  иеленді.


Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлерді аудан  әкімінің  орынбасары  Б. Сулейменов құттықтады, аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту,  денешынықтыру және  спорт бөлімінің кубоктарымен,  мақтау  қағаздарымен  марапаттады.


Айта кетерлігі, жеке  кәсіпкер К.  Төлегенов  сегіз  жыл  бойы  осы  хоккей  қорапшасын  құйып, аудан  тұрғындарына   денсаулық ,  жақсы  көңіл – күй  сыйлаған еді.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив