KZ
Өскемен
+16°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

ШҚМУ-да жаңа білім беру бағдарламалары жасалуда

22.01.2018, 06:16 189

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да тәжірибе ретінде жаңа білім беру бағдарламалары әзірленуде, олар – «Цифрлық гуманитаристика», «Компьютерлік мехатроника».


Жоғары оқу орнының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, білім беру бағдарламалары бойынша құжаттар әзірленген соң олар еліміздің білім министрлігінде бекітілетін болады. Мұнымен қоса, білім беру мазмұнын жаңарту үшін мына бағыттар бойынша сараптамалық топтар құрылуда: «Латын қарпіне көшу», «Жаратылыстану-ғылыми бағыттар»  («Химия», «Биология», «Физика», «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқыту), «Бастауыш мектепте білім беру мазмұнын жаңарту», «Гуманитарлық бағыт («Қазақстан тарихы», «Әлеуметтану», «Философия» және басқа пәндердің мазмұнын жаңарту), «IT-технологияларды енгізу”, «Білім беру мазмұнын жаңарту контекстінде біліктілікті арттыру», «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар», «Оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың заманауи амал-тәсілдері».


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив