KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

«Ерлік сабағы» елдікке бастар жол

22.01.2018, 04:35 257

Аягөздегі  № 6 жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  интернаты мен   «Шығыс Ұландары»  сыныптарына 97616 әскери  бөлімінің әскери  қызметкерлері «Ерлік  сабақтарын»  өткізді. 97616 әскери  бөлімінің  тәрбие  және  идеологиялық бөлім  бастығы майор Е. Жолшыбек, дивизион  командирі майор Қ.Құрманов,  рота  сержанты аға  сержант О.  Сандыбеков,  радиотелеграфшы ефрейтор М.  Жангелдина сабақ  барысында патриоттық  тәрбиенің  мәнін  түбегейлі  айта  кетті, ұландардың  өздерін толғандырған, көкейлеріндегі қызықты  да  тартымды сұрақтарына  жауап  беріп,  оқушылардың  әскери  өмірге  деген  қызығушылықтарын  арттыра  түсті.


Бұдан кейін олар «Шығыс Ұландары»  сыныптарының дәріс  алатын бөлмелерін аралап  көріп, қызығушылық  танытты. Оқушылар болашақ әскери өмірлерін осылайша бір сәт өз бастарынан өткерді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив