KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Жемқорлықпен күрес - басты бағыттың бірі

20.01.2018, 02:59 134

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген он басты бағыттың бірі қоғамның қауіпті дерті – сыбайлас жемқорлықпен күреске, оның алдын алу шараларына арналғаны белгілі. Соған орай мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен маңызды құжатта айқындалған өзекті мәселелерді жүзеге асыруға, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына арналған облыстық семинар өтті.


Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смит Жолдауда көрсетілген негізгі он міндетке жеке-жеке тоқталып. Қазіргі кезде өңірдегі барлық қалалар мен аудандарда Елбасының Жолдауын тұрғындарға түсіндіру және талқылау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатқанын, әрбір әкімдік, әр бір ұжым онда айтылғандар бойынша нақты міндеттер мен жұмыстарды белгілеп жатқандығын, бүгінгі жиын маңызды құжаттағы тоғызыншы міндет – жемқорлықпен күреске арналып отырғандығын атады. Сондай-ақ Жолдауды іске асырудың негізгі мүмкіндіктеріне тоқталды.


Облыстық басқармалардан жиналған мемлекеттік қызметшілер алдында  баяндама жасаған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Ринат Нәбиев ең алдымен әрбір адамда жемқорлыққа қарсы мәдениет пен түсінік қалыптасқанда ғана Жолдау жүктеген міндеттерді шешуге болатындығына тоқталды.


– Бүгінгі семинардың басты мақсаты – облыстағы мемлекеттік қызметшілерге «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президент Жолдауын жеткілікті түрде түсіндіру, сонымен қатар, онда нақты көрсетілген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, одан сақтандыру, оған қарсы үздіксіз жұмыс жүргізу болып отыр, - деді ол.


Елімізде 2015 жылдан бастап әлеуметтік дертпен күрес жаңаша бағытта қарқын алғанын атап өткен Ринат Нәбиев жиналғандарға 2017 жылы өңірде жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелерін таныстырып, сонымен бірге, ағымдағы жылғы шаруаға өзек болатын негізгі бағыттарға да тоқталды. Оның айтуынша, департамент арқылы жемқорлықпен күрес үш бағытта жүргізіліп келеді. Біріншісі – жемқорлыққа қарсы ағартушылық жұмыстары болса, екіншісі – алдын алу, үшіншісі – жазалау.


– Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүргізу, жергілікті жерде жеткілікті түсіндіру мақсатында департаментте арнайы құрылған мобильді топтар аудандарға, ауылдық округтерге тұрақты шығып семинарлар, рейдтер өткізеді, азаматтарды қабылдайды. Өткен жылда департамент қызметкерлері осы бағытта халықтың әртүрлі топтары арасында 700-ден аса кездесу өткізді. Облыстық деңгейдегі барлық департаменттер мен басқармалармен тиісті байланыстар орнатылған. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қабылданғанына көп уақыт өтпесе де, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен, сол үш жылдың көлемінде еліміз бойынша екі жарым мыңнан аса адам жемқорлық бойынша жауапкершілікке тартылып, жаза арқалады, - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Ринат Нәбиев.

Семинар барысында аталған тақырыпқа арналып орталық аппаратта әзірленген бейнеролик көрсетіліп, жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив