KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, З
448.15 483.46 4.86

70 аялдама жаңартылатын болады

12.01.2018, 03:44 116

Өскемендегі қоғамдық көлік аялдамаларын жаңарту жұмыстары биыл да жалғасын таппақ.


Барлығы 70 аялдама күрделі жөндеуден өткізіледі деп жоспарлануда. Естеріңізге салайық, 2017 жылы дәл осындай құрылыс жұмыстары 14 аялдамада жүргізілген болатын.


Қала әкімі Қуат Тұмабаев мәлімдегендей, аялдамаларда облыстық туристік қауымдастықтың өтініші бойынша, қоғамдық көлік маршруттары, олардың тоқтайтын жерлері мен шаһардың көрікті орындары туралы ақпарат беретін карталар орнатылмақ. Ол, сонымен қатар Республика алаңы мен бұрынғы Комендантка өзенінің орынында демалушыларға ыстық шай мен тәтті-дәмділер ұсынатын арнайы павильондар бой көтеретінін мәлімдеді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив