KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Биыл мемлекеттік жәрдемақы қалай төленеді?

4.01.2018, 05:45 170

Оқырмандарымыз үшін маңызды тақырыпты жалғастыруды жөн көрдік. Газетіміздің өткен сандарында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылатын атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі жайында егжей-тегжейлі жазылған еді. Бүгінгі санда «Жаңа жылдан бастап ананың босануына байланысты төленетін әлеуметтік төлемақының, бір реттік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері өсе ме?», «Арнайы мемлекеттік жәрдемақы кімдерге, қалай төленеді?» деген сауалдарға жауап іздеп көрдік.

Ананың босануына байланысты төленетін әлеуметтік төлемақы


Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ананың босануына байланысты төленетін төлемақы декреттік демалысқа дейін жұмыс істеген аналардың еңбекақы мөлшеріне байланысты болғандықтан, айлық есептік көрсеткішке байланысты индексация жүргізілмейді.


Есептеу тәсілі қарапайым. Соңғы 12 айдағы орташа айлық табысы еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициентіне көбейтіледі. Еліміздегі Еңбек кодексіне сәйкес ол 4,2-ге тең (бұл еңбекке жарамсыздық мерзімі 126 күн). Алайда Семей полигонының ядролық сынақтарынан зардап шеккен аймақтарда тұратын әйелдер үшін бұл коэффициент 5,7-ге дейін жоғарылатылған (еңбекке жарамсыздық мерзімі 170 күн). Осы заңнамаға сәйкес, өңіріміздегі жұмыс істейтін көптеген әйелдер (сынақтан зардап шеккен аймақта тұратын) декреттік төлемақыны көбірек алады.


Мәселен, декреттік демалысқа шыққанға дейін 12 ай бойы жалақысы 100 мың теңге болған аналарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бір рет төленетін әлеуметтік төлемақы 420 мың теңге мөлшерінде болады. Егер әйел сынақтан зардап шеккен аймақта тұратын болса, аталған әлеуметтік төлемақы 570 мың теңгені құрайды.


Тағы бір атап өтерлік жайт, егер ананың босануы ауыр болса (кесір тілігі немесе өзге де себептермен) немесе дүниеге бірден егіз, үшем әкелсе, еңбекке жарамсыздық күндерінің саны 14 күнге ұзарады. Мұндай жағдайда қосымша еңбекке жарамсыздық парағын өткізген соң (босанғаннан кейін беріледі), ананың банк картасына 14 күнге есептелген қосымша сома аударылуы тиіс.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив