KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 8 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Өскеменде жеңіл автокөлік автобуспен соқтығысып қалды

3.01.2018, 17:58 116

Аблакетка  ықшам ауданындағы Островский көшесінде жол апаты болды.  Жеңіл автокөлік №4-ші бағыттағы автобуспен соқтығысып қалды. Куәгерлердің мәліметінше, жол апатына Toyota автокөлігін тізгіндеген көлік жүргізушісі себепкер болған, ол маневр жасау кезінде  маршрутты көлікке жол бермеген.



Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі де шақырылды. Өйткені зардап шеккендер бар. Абырой болғанда апат болған сәтте автобус өз бағытындағы бүгінгі жұмысын аяқтағандықтан ішінде жолаушылар болмаған. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив