KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

КЕҢЕС ҚЫЗ -КЕЛІНШЕКТЕРГЕ КӨМЕКТЕСІП ЖАТЫР

30.12.2017, 03:20 125

Жыл басынан бері облыстық «Атамекен» ҰКП ның аймақтық іскер әйелдер кеңесіне өз кәсібімді ашсам деген, күрделі жағдайдан шығудың жолын іздеген, құқықытық кеңестер сұраған мыңнан астам адам көмекке жүгінген.


Аймақтық іскер әйелдер кеңесі 2015 жылдың мамырында облыстық кәсіпкерлер палатасы ішінен кәсіпкерлікпен айналысып жүрген нәзік жандыларға қолдау көрсету мақсатында  құрылған болатын. Биылғы жылдың өзінде  іскер әйелдер кеңесінің мүшелері бизнесті өркендеиуге серпін берген қыруар шаруаны еңсеріп тастады.


Әр түрлі жағдай болады. Бәріне де көмектесеміз: бизнес- жоба жасаудан бастап, оны іске асыруға дейін көмек көрсетіп келеміз. Мысал келтірейін, бірде аяғы ауыр келіншек келіп тұр. Күйеуіммен ажырасып жатырмын, енді кәсіпкерлікпен айналысқым келеді, қолымда 600 мың теңге ақшам бар деп қол қусырып отырмай табыс тапқысы келетінін айтты, -дейді «Атамекен» ҰКП облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Елена Березинская -Абілова. – Біз одан қандай мамандық иесі екенін, қандай іспен шұғылдануды, көңілі нені қалайтынын, жақсы көретінін сұрастыра отырып, іс -шара жоспарын жасадық. Іс -шара жоспарын құрып, әрі қарай қандай бағытта жұмыс істеу керек, қай жолды таңдау керек деген сияқты мәселелерді нақтылап алу  қиын жағдайда қалған тәжірибелі іскер әйелдерге де артық болмайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.


Іс -шара жоспарында дағдарыстан шығу шараларының тізімі жасалып,  бизнесті дұрыс басқарудың  тиімді жолдары көрсетіледі, бизнеске кететін шығындарды есептеп, кәсіпорынды тығырықтан алып шығып, бәсекеге қабілетті ете алатындай  басқару менеджментінің стратегиясы жасалады. Іскер әйелдер кеңесіне тек қана қыз келіншектер емес, ерлер де ақыл, кеңес сұрап келіп жатады. Кеңес қызметіне жүгінушілердің 15 пайызын ер азаматтар құрап отыр.


Аймақтық іскер әйелдер кеңесінің ең танымал жобасының бірі  «Авангард плюс»-жас кәсіпкерлер мектебі. Қазір мұнда  ІІІ- ші маусымдық оқыту сабақтары өткізіліп жатыр. Жас кәсіпкерлерге одан әрі кеңестің «Стартап» жарнама –маркетинг жобасы аясында қолдау көрсетіледі.


Аймақтық іскер әйелдер кеңесі қазіргі күні бірнеше жаңа жобаларды іске асыруға көмектесіп жатыр. Көкпекті ауданының  Сарыбел ауылындағы  «Белые камни» демалыс үйінің иесі Назира Галкинаның жеке кәсіпкерлігіне,  Наталья Дулина ЖК, Елена Снегирова ЖК, Еркежан Маусейтова ЖК не сондай -ақ, ШҚМТУдың сәулет факультетінің 2-ші курс студенті Райхан Әлханованың интерактивті аялдама жасау жобасына қолдау көрсетілуде.


Шығыс Қазақстан аудандарында  жергілікті деңгейдегі осындай 15  іскер әйелдер ұйымы, кеңес филиалдары жұмыс істеп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив