KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Балуандар биіктен көрінді

26.12.2017, 09:15 136

Үржар ауданының Таскескен ауылында өткен грек-рим күресінен 2002 - 2005 жылғы туған жасөспірімдер арасында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған ашық облыстық турнир өтті. Турнирде Семей қаласындағы № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резервке мамандандырылған балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары жүлделі_орындарды_иеленді.


36 келі салмақ дәрежесінде күрескен Забит Абибов пен Армия Қуат – 3-ші орын алды. 39 келі салмақ дәрежесінде Рауан Тұрысбек – 2-ші орын, Ислам Қалибанов – 3-ші орын алды. Жәнібек Джаухаев (46 кг), Айдын Серікқазиев (50 кг), Нұрдәулет Талғатов (54 кг) – 3-ші орындар алды. 58 келі салмақ дәрежесінде Тұрысбек Ұлан – 1-ші орын, Темірғали Әмір мен Аңсар Қуандықов– 3-ші орын алды. Әнуар Макремов (+69 кг) – 2-ші орынды иеленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив