KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
447.4 477.55 4.76

Семейде жаңа жылдық жасыл шырша шамдары жағылды

26.12.2017, 08:41 81

Қаладағы Орталық алаңда ең әдемі, ең көркем жасыл шырша орнатылып, балалар үшін түрлі-түсті ойыншықтармен және әсем шамдармен безендірілді. Алаңға жиналғандарды жаңа 2018 жылдың келуімен құттықтаған қала әкімі Ермак Сәлімов жасыл шыршаның шамын жағып, семейліктерге зор денсаулық, жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі. Ермак Бидахметұлы өткен жылдың еншісіндегі елеулі күндерге де тоқталып өтті. Келер 2018 жыл Семей қаласының 300 жылдығы аталып өтілуімен де ерекше құнды болмақ, деді ол.



Мерекелік шара кезінде 40 Аяз ата мен 40 Ақшақар ғажайып флешмоб көрсетіп, қала тұрғындарын қуанышқа бөледі. Жасыл шырша айналасындағы әдемі кешті «Эксклюзив» тобы жалғастырып, фейерверктен отшашу көрсетті. Бірін-бірі келе жатқан жаңа жылмен құттықтаған қала тұрғындарының қуанышында шек болмады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив