KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Өскемен-Риддер бағытында рейстік автобус аударылды

26.12.2017, 07:39 74

Бүгін таңертең Өскемен-Риддер бағытында келе жатқан рейстік автобус Быструха ауылының тұсында  жол жиегіндегі жыраға ауып кеткен.   Алдын-ала мәліметтер бойынша көлікте 13 адам болған.  Көлік жүргізушісінің түсіндіруінше, апатқа Быструха ауылының маңындағы жолдың көк мұзға орануы себеп болуы ықтимал.


ШҚО ТЖД ақпаратына сай  кеше кешқұрым  ауа райының қолайсыздығына орай  бұл бағытта рейстік көліктердің жүруіне тиым салынған болатын, алайда бүгін таңертең ол шектеу алынған екен.


-Қазір  ол жерде апат медицинасы орталығының мамандар жұмыс істеп жатыр, зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ-деді ШҚО ТЖД  баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.

Апаттың  мән-жайы кейінірек анықталады.  Ал  қазір Өскемен-Риддер бағытында жүк және жолаушылар көлігінің қатынауына қайтадан шектеу қойылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив