KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2 м/с, В
448.89 477.93 4.76

Заңсыз әрекеттері үшін жауапқа тартылды

25.12.2017, 05:12 177

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыста жас шыршаларды заңсыз кесудің бес оқиғасы тіркелсе, жалпы өсімдік әлеміне қатысты тоғыз заңбұзушылық әшкереленіп отыр. Риддер қаласының бір тұрғыны рұхсат етілмеген жерде шырша бұтақтарын сатқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Табиғатқорғау полициясының қызметкерлері Бесқарағай ауданындағы Байдәулет орманшылығы Долон филиалының орман алқабын бақылау барысында тіркемесіне кесілген қарағайлар тиелген автотранспортты ұстаған. Тексеру кезінде жүргізуші мен оның сыбайласында ағаш кесуге рұхсат беретін құжаттары жоқ болып шықты. Күдіктілер оннан артық қарағайды қиып алып, шамамен 16 мың теңгенің шығынын келтірген. Сондай-ақ Бородулиха ауданының он сегіз жастағы тұрғыны да қарағайды түнде заңсыз кесіп, ұрлап әкеткені үшін енді жауап береді. Табиғатты қорғаушылар оны ағашты сүйреген кезде қарда қалған ізімен жедел қолға түсірген.

Күдіктілердің барлығына ҚК-тің 340 бабының 3 тармағында қарастырылған «Заңсыз ағаш кесу, ағаштар мен бұталарға зиян келтіру және жою» айыбы тағылып отыр.

Полиция қызметкерлері «Шырша-2017» шарасы 31 желтоқсанға дейін созылатынын еске салады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив