KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Сақтандыру қорынан көмек бола ма?

22.12.2017, 09:45 182

– Мен студентпін, күндізгі оқу бөлімінде оқимын. Жасым жиырма екіде, бір жастан асқан балам бар. Әлеуметтік сақтандыру қорынан көмек ала аламын ба?


Гүлден Дүйсенова

Семей.


Сауалға «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының» Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрлан Қыстаубаев жауап береді:

– «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан (бұдан әрі - Қор) төленетін әлеуметтік төлемдер әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына тағайындалады.


Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер - әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады. Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 заңының 20-бабы, 6-тармағына сәйкес төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық:

- еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда;

- асыраушысынан айырылған жағдайда;

- жұмысынан айырылған жағдайда;

- жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда;

- жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда;

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда туындайды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив