KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Еңбек шартын жасауға қандай құжаттар қажет?

21.12.2017, 10:13 248


– Жаңа жылдан бастап жеке кәсіпорынға жұмысқа тұрмақшы едім. Бұл - оқу бітіргелі орналасқалы тұрған бірінші жұмыс орным. Соған орай, еңбек шартын жасасу үшін қандай құжаттар қажет болатынын алдын ала білгім келеді?

Жандос Маратұлы

Риддер.


Сауалға «ШҚО кәсіподақтар орталығы» кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің заң мәселелері жөніндегі бас маманы Батырбек Нұрпейісов жауап береді:

– Еңбек шартын жасау үшін төмендегі құжаттар қажет болады:

1.Жеке куәлік (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін туу туралы куәлік).

2.Білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжат.

3.Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін).

4.Алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (егер алдын ала медициналық куәландырудан өту міндетті болса).


Басқа құжаттар заңмен тікелей көзделген жағдайда ғана қажет. Мысалы, басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасау үшін негізгі жұмыс орны бойынша еңбек сипаты мен шарттары туралы анықтама қажет.


Ескерту: Еңбек шартын жасау кезінде жұмыс беруші Еңбек кодексімен көзделмеген құжаттарды талап етуге құқысы жоқ.

Еңбек кітапшаңызды жұмыс берушіге тапсыруды ұмытпаңыз. Жұмыс беруші Сіздің еңбек кітапшаңызды жүргізіп отыруға міндетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив