KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Риддерлік шенеуніктердің үстінен 20 шақты арыз түскен

20.12.2017, 06:45 136

Риддер қаласы тұрғындарынан жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің үстінен 20 шақты арыз келіп түскен. Олардың он үші Риддер қалалық білім бөлімі басшысының заңсыз іс-әрекетіне қатысты. Шенеуніктердің жұмысына көңілі толмаған арыз-шағымдар сондай-ақ Бесқарағай, Бородулиха, Зырян және Көкпекті аудандарынан жиі түседі.


Бұл жайында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрайымы Жанна Қабдолдақызының қатысуымен өткен Әдеп кеңесінің кезекті отырысында сөз болды.


Жүргізілген талдаулар мен тексерулердің нәтижесінде қалалық білім бөліміне қатысты шағымдардың көпшілігі расталмағанымен, ұжымда жағымсыз моральді-психологиялық жағдай қалыптасқаны анықталды. Алайда Риддер қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі өкілі жағдайды қалпына келтіру барысында ешқандай әрекет жасамаған. Осы фактілердің анық-қанығын білу үшін департамент қызметшілері ауданға жеті рет баруға мәжбүр болған, 200 мың теңгеге жуық іссапарлық шығын шыққан.


Жиында басқа да бірқатар облыстық басқармалар мен аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі өкілдерінің қызметіне сын айтылды. Олардың міндеттеріндегі шалағайлықты тәртіптік жауапқа тартылған мемлекеттік қызметшілердің санынан-ақ аңғаруға болады. Мысалы, жыл басынан бері өңірдегі 942 шенеунік тәртіптік жауапқа тартылса, олардың 83-іне қызмет этикасын бұзды деген айып тағылып, 13 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтің беделіне көлеңке түсірген. Сараптамалар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңбұзушылық әрекеттеріне қатысты шағымдардың жылдан жылға артып отырғанын көрсетеді.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің мелекеттік қызмет саласына бақылау жасау басқармасы жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдардың негізінде жүргізілген жоспардан тыс 50 тексерудің қорытындысы бойынша 72 заңбұзушылықты анықтады. Соның нәтижесінде 27 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа шақырылып, 13 тұрғынның құқықтары қалпына келтірілді.


Алдағы уақытта осындай кемшіліктерге жол бермес үшін әдеп жөніндегі өкілдердің жұмысын ширата түсу қажеттігі ескертілді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив