KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Алдағы бес жыл жерлес жазушыларға арналады

14.12.2017, 03:55 159

Облыста жерлес жазушылардың кітаптары жарық көрмек. Бастаманы қолға алған А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана топтаманы басып шығаруға әзірленуде.


Келер жылы облыс кітапханаларында Марат Қабанбаевтың «Арыстан, мен және виолончель» атты повесттер жинағы пайда болады. Бұл басылым жас оқырмандарға арналған. Марат Қабанбаев — біздің облыстағы жалғыз балалар жазушысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ханс Кристиан Андерсен атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. Сондай-ақ, Андрей Кратенконың «Еуразия орталығында: киелі орындарға саяхат» атты фотосуреттермен бай көркемделген кітабы да оқырманедарға жол тарпақ. Облыс оқырмандарының назарына белгілі жазушы-табиғат зерттеушісі Борис Щербаковтың «Алтай қорығының тайгалық графтығы» атты жаңа еңбегі ұсынылады.


Жерлес жазушылардың шығармаларымен қатар өзге де танымдық дүниелер жарық көрмек. Бұл кітаптардың барлығы «Абай әлемі» жобасының аясында шығарылмақ. Кітапхана директоры Қабиба Ақжігітованың айтуынша, тізімде 17 жазушының есімі бар. Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл тізімді кеңейтіп, аймаққа қатысты өзге де материалдармен толықтыруды тапсырып отыр. Оны құрастырумен айналысатын жұмыс тобының құрамына ғалымдар мен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері кіреді. Жергілікті авторлардың басылымдарына баға беру бойынша кеңеске Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстандық бөлімінің төрағасы Әлібек Қаңтарбаев басшылық етеді. «Абай әлемі» кітап топтамасы бес жылға жосмпарланған. Осылайша жыл сайын жаңа кітаптар жарық көріп, оқырмандар жаңа есімдермен танысады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив