KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашық есік күні өтеді

11.12.2017, 04:09 135

12 желтоқсанда сағат 10.00 -17.00 аралығында «БЖЗҚ» АҚ облыстық филиалының ғимаратында «Зейнетақы жинақтарын сақтауға мемлекет кепілдігі» тақырыбына ашық есік күні ұйымдастырылады.


Шараға қатысушылар қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қалай жұмыс істейді, ең бастысы мемлекет бұл жинақтардың сақталуына қалай кепілдік береді деген мәселелерді біле алады.

- Мемлекет кепілдігі бойынша төлемді алуға кімнің құқығы бар?

- Мемлекет кепілдігі бойынша төлемді алу үшін қайда жүгіну керек?

- Инфлияция деңгейінен төмен емес инвестициялық табысты ескере отырып,зейнетақы жинақтарының сомасы мен енгізілген жарналардың арасындағы айырма сомасын төлеу тәртібі қандай?

- Зейнетақы жинақтары бойынша мемлекеттік кепілдік қандай жағдайларда төленеді?

Осы және өзге де сауалдарға «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері тарапынан толық және жан-жақты жауап берілетін болады.

Сонымен қатар келушілерге зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекет кепілдігіне қатысты өздерін қызықтыратын сауалдарға жауап алуына, сондай-ақ, дербес кеңес алуларына мүмкіндік беріледі.

Ашық есік күні Өскемен қаласы, Крылова көшесі 70 үй мекенжайында12 желтоқсанда сағат 10.00 -17.00 аралығында өтетінін тағы да естеріңізге саламыз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив