KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

1300 салымшы БЗЖҚ-ғы қаражаттарын әлі алмаған

8.12.2017, 06:58 153

Шығыс Қазақстанда зейнеткер жасына жеткенімен БЖЗҚ-нан жинақтаған қаражатын әлі шешіп алмаған 1300 салымшы бары анықталған. Олардың жеке шоттарында бір мың теңгеден бірнеше миллион теңгеге дейін ақша жатыр. Бұл жайында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Қарлығаш Байділдаева журналистермен болған брифинг кезінде мәлімдеді.



-Біз оларды іздестіріп жатырмыз. Кейбіреулерімен телефон арқылы тілдесіп, жағдайды түсіндірдік. Көпшілігі уақыттың тапшылығын, «кейін бір барамыз» деп жүргендерін алға тартты. Егер олар қазір, жаңа жылға дейін келіп, қордағы қаражаттарын шешіп алмаса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа тәртіппен, ай сайын алатын болады, - деп түсіндірді басшы.


Қарлығаш Науанқызы азаматтардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын дер кезінде жүзеге асыруына мүмкіндіктері болу үшін Қордың барлық филиалдары 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсан күндері жұмыс істейтінін ескертті. Бұл әсіресе, жоғарыда жазылған, жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражаттарын алуға құқылы 1300 салымшыға қатысты. Осы күндері барлық операциялық бөлімшелер таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін салымшыларға қызмет көрсетеді. Басты мақсат – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған немесе туындайтын салымшылардың осы төлемдерді рәсімдеу құқығын жүзеге асыру.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив