KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 1 м/с, ОБ
440.92 475.36 4.82

Ұлттық Ядролық Орталық болашақтың қуат көзін дамытуға атсалыспақ

29.11.2017, 16:19 363

Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың Бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі Эрлан Батырбеков «Қазақстандағы жаңа 100 есім» жобасына лайық тұлғаның бірі. Ол жақында Оңтүстік Азияның геосаяси мәселелерін назарға ұсынған халықаралық деңгейдегі «Жаңа бағыт: түрлі пікірлер және жан-жақты көзқарас» атты форумға қатысып келді. Әлемнің 65 елінен 250 өкіл келіп қатысқан маңызды шараны Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди ашып, жүргізіп отырыпты.


Эрлан Батырбековтің айтуын¬ша, форум барысында эко¬но¬микалық интеграция, көпжақ¬ты әріптестік, ха¬лық¬¬арବ¬¬лық жағдайдағы өз¬ге¬ріс¬тер, аймақтағы қауіп¬сіз¬дік мә¬¬селелері кеңінен тал¬қы¬лан¬ған. Эрлан Ғаділетұлы «Will Energy Trump Climate?» ат¬ты пікірсайысқа қатысып, Қазақстан атынан көптеген ой¬ларын ортаға салған. Дебат ба¬рысында талқыланғандай, былтыр қазан айында Қазақстан тарапынан Париж ке-лісімшарты бекітілген. Осы ар¬қылы әлемдік саясатта, оның ішінде экономикалық сая¬сатта Қазақстан өзінің тө¬мен көміртекті дамуға көшу ар-қылы әлемдік экономиканы көміртексіздендіру жө¬нін¬дегі жаһандық саясатты ұс¬та¬натынын мәлімдеген.


-Мұның барлығы да¬ Елбасы Нұрсұлтан Назар¬бае¬в¬¬¬тың тапсырмасымен жа¬сыл энергия көзін дамыту, атом¬ды бей¬біт бағытта насихат¬тау барысында атқарылып жат¬қан шарулардың бірқатар легі, – дейді Эрлан Батырбеков, – Елбасымыз Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен «Бо¬ла¬шақтың энергиясы» атты Б¬ү¬кіләлемдік саммитте атом энергетикасының ма¬ңы¬з¬¬¬дылығын айрықша атап айт¬ты. Бейбіт атом қол¬да-ну¬да Қазақстан дүние жү¬зін¬де көшбасшылардың бірі бо¬лып отыр. 2015 жылы МАГАТЭ әлемдегі алпауыт мем¬лекеттердің қолдауымен еліміздің аумағында Төмен байытылған ядролық отын банкін құру туралы шешім қабылдады. Мұны атом энергетикасын дамытамын деген мемлекеттерге арналған кө¬мек деп те айтуға болады. Бүгінде бүкіл әлемде уранның орнына торийді қолдану мәселесі де талқылануда екен. Бұл атом саласының тиімділігі жо¬ғары болуына ықпал етуі мүмкін. Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде хବлық назарына осы бағытта ат¬қарылған жетістіктер дең¬¬гейі көрсетілді. ЭКСПО-2017 көрмесі ар¬қы¬лы әлемдік энергетика қай ба¬ғытта дамып барады, соны ай¬қындадық. Және ең ірі мемлекеттердің қандай технологиялық күш-қуаты бар екендігі де көрмеде назарға ұсынылды.


Бейбіт атомды дамытудағы әлемдегі көшбасшы елміз.

Ядролық энергетика жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) пен Қазақстан Төмен байытылған уран банкін құру туралы келіссөз жүргізгені белгілі. Бұл жөнінде Астанада «Ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық форумы аясында өткен баспасөз мәслихаты барысында МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкио Амано мәлімдеген еді. «Қазақстан мен МАГАТЭ өте жақсы қарым-қатынаста. Біз Төмен байытылған уран банкін құру жөнінде байланыс орнату мәселесін бірге талқылап, соған сәйкес Қазақстанда қажетті қуат көздерін қалыптастырудамыз», деген болатын Ю.Амано. Оның айтуынша, Қазақстан мен МАГАТЭ ядролық қауіпсіздікті нығайту мәселесі бо¬йынша да ынтымақтастық орнатқан. «Осындай ықпалдасқан іс-әрекеттердің арқасында Қазақстан біздің маңызды серіктесімізге айналды. Біз осы серіктестігімізді нығайту үстіндеміз. Қазақстан – МАГАТЭ-нің ең маңызды мүшесі. Ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздік мәселесінде бағытымыз бір. Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық бастамаларын толық қолдаймыз. Өз басым сіздердің Президенттеріңізді қатты сыйлаймын», деген еді Ю.Амано. Бұдан кейін МАГАТЭ-нің тікелей ша¬қыруы бойынша Венада өткен Ядро-лық қауіпсіздікке арналған кон¬фе¬ренцияға Қазақстан тарапы да барып, қатысып кел¬ді. Халықаралық конференцияға қатысқан 168 елдің өкілдері бірауыздан арнайы декларацияға қол қойды. Дек¬ла¬рацияға сәйкес, радио-ак¬тивті ма¬териалдардың қолды болуына жол бе¬ріл¬меуі керек және оны заңсыз тау¬ар а鬬на¬лымына шығаруға да жол бе¬рілмеуі тиіс, өйткені, бұл өте қауіпті мә¬се¬ле деп көр¬сетілген.


-«МАГАТЭ-де әр үш жыл сайын осын¬дай конференция өтеді, – дейді бұл турасында Бас директор Эрлан Батырбеков, – иә, бұл осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жиын. Конференцияда министрлік сегментінің пленарлық отырысынан бас¬тап, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты әртүрлі тақырыптар бойынша ғылыми және техникалық сессиялар өтті. Әр сессияда тараптар Қазақстанның пікіріне ерекше назар аударды.


Эрлан Ғаділетұлының айтуынша, жиында еліміздің ядролық қаруды таратпау саласындағы жетістіктері, ядролық қауіпсіздікті нығайтуға байланысты Қазақстан мен МАГАТЭ арасындағы тиімді ынтымақтастық жайында жан-жақты сөз болған. Конференцияға қа¬ты¬с¬ушылардың назары Қазақстан Рес¬пуб¬ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында көтерілген бастамаларына да ерекше ауған көрінеді. Солардың бірі – «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің БҰҰ-ның ресми құжаты ретінде тіркеуге алынғаны белгілі. Вена конференциясына қаты¬су¬шы¬лар, сондай-ақ, 2017 жылдың екінші жартысында іске қосылады деп жоспарланып отырған МАГАТЭ-нің Қазақстандағы Төмен байытылған уран банкі жобасының қай деңгейде ат-қа¬рылып жатқаны туралы да кең көлемді әң¬гіме қозғапты.

-Жобаның іске асыры¬луы біз үшін аса маңызды, – дейді Эрлан Ғаділетұлы,-өйткені, бүгінде ҰЯО қауіпсіз ядролық реакторларды пайдалану жөнінде маңызды ғылыми жұмыс ат¬қаруда. Тағы бір жасалған жұмыс, бұл – ядро¬лық сұйық отынды өңдеу және ұзақ уақытқа сақтау мәселесі. Қазақстанда атом энергетикасының даму болашағы жарқын. Соның бір дәлелі, Орталық ға¬лымдары жапондық әріптестерімен қатарынан 20 жыл бойы бірлесіп жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде де жапондармен бірге тың жобалар жасалуда.


Сондай жобалардың бірі атом реак¬то¬рының белсенді тұсындағы ыстық¬қа төзімді жабын материалдарды дайын¬дау жұмыстары екен. Қазақ елінің сырт¬қ¬ы және ішкі саясатының негізгі ба¬сымдықтарының бірі әрқашан ядролық қарудан азат әлем құру болған және болып қала бермек. Сол себепті де Қазақстанды ядролық қарусыздану, ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік саласындағы көшбасшылардың бірі және МАГАТЭ-нің бейбіт өмірге негізделген барлық жобаларының қолдаушысы десек, асыра айтқандық бола қоймас. Жақында Курчатовқа келген Швеция Парламентінің спикері Урбан Алин бастаған депутаттар делегациясы «Тәжірибе алаңындағы» Атом көлінде болғаннан кейін таңғажайып көріністердің куәлеріндей әсер алып қалдық десті. Себебі Атом көлінің экологиялық жайын қазақстандық ғалымдар жоғары біліктілікпен толық зерттеген екен.


АҚШ-тың «Арагон» ұлттық зертханасымен бірге жаңа жобаларды қолға алдық.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғылым-білім, экономика саласындағы еуразиялық ықпалдастық үдерістерге белсене қатысып, шетелдермен стратегиялық, атап айтқанда әріптестік және одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған кең ауқымды бағытын Эрлан Батырбеков бастаған Ұлттық Ядролық Орталық ұжымы да қолдайды. Елбасымыз екі жақты байланыстардың барлық кешенін одан әрі өрістетіп отырғаны рас. Сондай-ақ, екі ел халықтарының мүддесі үшін Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да халықаралық құрылымдар ауқымында сындарлы жұмыстар атқарды.

- Жақында біз АҚШ-тың «Арагон» ұлттық зертханасымен бірлесіп, реакторлардағы отынның құра¬мын араластыру жөніндегі зерттеу жұмыстарымызды бастадық,-дейді Эрлан Ғаділетұлы,-бұл жоба аясында ҰЯО ғалымдары ресейліктермен бірлесіп, үш рет тәжірибелік жұмыстарын да өткізді. Қа¬зақ¬стандық ға¬лымдар АЭС-ті дамытуда өзге де шетелдік ғалымдармен бірлесіп, тың жұмыстарды қолға алып жатыр. Дегенмен осының бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы екенін ұмытпаған жөн. Біз Президенттің ұсынысы бойынша Семей сынақ полигоны алаңының радио¬экологиялық тазалығын жақ¬сартуды басты міндет деп санаймыз. Қазақстандық атом энергетиктері «Сайга» жобасы бойынша француздармен бірлесіп жұмыс істеуде. Мұнда жоғары жылдамдықтағы нейтронды реакторлардың қауіпсіздігі қарастырылып жатыр. Француздармен бірлесіп қарастырылып жатқан тағы бір жобаның бірі – реакторлардың басқа да тиімді түрлерін игеріп, қолданысқа шығару, осы арқылы әлемдік ғылымды бір қадам болса да ілгерілету. Мемлекет жарқын болашаққа қадам жасап отыр. Жетістікке жетелейтін жоспарлар баршылық, оларды жүзеге асыру – біліктілердің ғана қолынан келетін іс. Президентіміз қашан да халықтың ізгі тілектерін, армандарын жүзеге асыруға ұмтылуда.

Айта кету керек, құрамына ҰЯО кіретін Ядролық қоғам Қазақстан тәуелсіздігін енді ғана жариялаған тұсында пайда болды. Қауымдастық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздікті нығайту бойынша бастамасын алға бастыруды өз алдына басты мақсат етіп ұстанды. Қазақстанның ядролық қоғамы ширек ғасырға жуық жұмысында тек елімізде ғана емес, шет елдерде де кеңінен танылды. Бүгінде ҚЯҚ атом саласын дамытып отырған әлемнің жетекші елдеріндегі ядролық қоғамдастықтармен өзара серіктестік байланыстар орнатқан. 2004 жылдан бері Қазақстанның ядролық қоғамы Бүкіл дүние жүзілік ядролық қауымдастықтың (WNA), 2006 жылдан бастап WIN (Women in Nuclear) қауымдастығының мүшесі.


-Әрине, біздің саламыз бойынша Ұлттық Ядролық Орталықтың жұмысын ерекше ілгерілетіп отырған Эрлан Батырбековтың еңбегі зор. Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ мен Қазақстанның ядролық қоғамы кәсіпорындарының бірлескен жұмыстары ішінде Эрлан Ғаділетұлының да қосқан үлесі бар, айрықша назар аударуға тұрарлық,-дейді «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының атқарушы директоры Наталья Жданова,-жақында біздің ұйымдастыруымызбен Астанада «Қуат, су және химия» деп аталған инновациялық мектебінің V халықаралық конференциясы өтті. Шараға қазақстандық және шетелдік сарапкерлер, ғалымдар, студент жастар қатысты. Инновациялық мектеп, аты айтып тұрғандай атом энергетика саласы бойынша көптеген ғылыми, жаңашыл, игі істердің басын қайыруда. Конференцияның жұмысында ҚР Энергетика министрлігінің атом және энергетикалық жобаларды дамыту департаментінің директоры Батыржан Қаракөзов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев, Франциядан НИР АРЕВА МИН мекемесі бастығының орынбасары Эрве Тубо және тағы басқалары сөз алып, елімізде және бүкіл әлемде атом энергетика саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Индустриальдық және инжинирингтік компаниялардың мамандары, Қазақстан, Ресей, Бельгия, Украина елдерінің ғалымдары кіші және ірі бағыттағы энергетика, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ-ның өндірістік дамуы сияқты мәселелерді кеңінен талқға салды. 2009 жылы Қазақстан Уран өндіру бойынша әлемде бірінші орынға шыққан. Содан бері қарай осы көшбасшылықты жалғап келеді. Экономикалық жағынан тиімді, әрі экологиялық жағынан да маңыздылығы жоғары тұратын бұл саланы дамыту өзекті күннің басты мәселесі.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ мен «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы бірлескен тұрғыда ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қолға алған екен. Уран кеніштеріне жақын маңдағы ауылдарға барып дәрістер оқылады. Өңір тұрғындарымен кездесулер, мектептер мен арнаулы оқу орындарында интерактивті сабақтар өткізу тұрақты түрде жүргізіледі. Уран өндірілетін аймақтарда тәуелсіз экологиялық сараптамалар жүргізу де қолға алынған. Ауыл тұрғындары көрсеткен жерлердегі судан, топырақтан және ауадан сынама алынып, соңынан зерттеу нәтижелері халыққа жеткізіледі. Және экологиялық ұйымдардың өкілдері үшін арнайы экологиялық турлар ұйымдастырылады. Олардың қатысушылары кеніште жұмыс істейтін мамандарға сұрақтар қоюмен бірге уран өндірілетін өндірістік полигонда болып, барлық қажетті нормалар және ережелерге сай уран өндіріліп жатқанын көзбен көруге де мүмкіндік алады.


ҚР Энергетика министрлігінің атом жобаларын дамыту департаментінің директоры Батыржан Қаракөзов бұл тұрғыда былай деді:

-Қазақстанның атом өнеркәсібі саласының әлемдік маңызы бар. Мұнда жоғары технологиялық құрылымдар іске қосылады. Елбасымыздың атом қаруынан бас тартуға орай айтатын пікір-ұсыныстары мен баяндамаларында да осы мәселе тереңінен қозғалады. Соңғы 20 жылда МАГАТЭ-мен әріптестік байланыс орнату атомэнергиясын біздің елімізде бейбіт мақсатқа жүйелі пайдалануға жол ашты. Ресейлік әріптестермен бірге бастаған Ұлттық Ядролық Орталықтың Токамак жобасы да ауыз толтырып айтарлықтай дүние. Конференция барысында «Атом энергиясы-радиофобияға қарсы инновация» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Көптеген адамдар әлі күнге дейін радиациядан қорқады. Себебі оларға ақпарат дұрыс жетпейтіндіктен радиофобия пайда болады.


-Біз жақында Шымкентте «Қазақстан ядролық қоғамы» қауымдастығы мен атом ғылымы энергетика өндірісінің І сьезіне қатысып қайттық,-деді аталмыш қауымдастықтың атқарушы директоры Наталья Жданова,-онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына ену үшін, атом энергетикасын дамтыу қажеттігін тереңінен талқыладық. Ядролық энергетика дегеніміз күннен қуат алатын жасыл технология сияқты, өте мықты қуат көзі екенін ескеруіміз қажет.


Айта кету керек, алдағы еліміздегі тұңғыш атом электр стансасы аса қауіпсіз, ең соңғы технологиялар бойынша салынуы тиіс, десек те бұл әлі бірнеше мәрте қарап, толық зерттеп барып қана қолға алынатын жобаның бірі. Бұл туралы Курчатов қаласында Ұлттық Ядролық Орталықтың директоры Эрлан Батырбековтың жетекшілігімен өткен Ядролық және радиациялық физика» халықаралық конференцияда кеңінен талқыланып, озық ойлар, жобалар ұсынылды. Атом электр стансасын салуда мол тәжірибесі бар Франция, Жапония, Қытай, Ресей сияқты мемлекеттердің өкілдері өз жобалары туралы айтып, елімізге өздерінің тың дүниелерін ұсынуда. Бірақ, әзірше Қазақстан тарапы қуаты мен құрылымы жағынан қандай станса салу жөнінде нақты шешім қабылдаған жоқ.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив