KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Облыс әкімінің сыйлығына ие болды

28.11.2017, 06:59 153

Жастар форумына келген өкілдер үш күн бойы түрлі тренинг мен пікірталастарға қатысып, ТЕДх жүйесіндегі кездесулер өткізді. Және студенттер латын қарпімен диктант та жазып, форумға белсене атсалысты. Соңында «Тайқазан» мейрамханасында 600 адам бас қосып, жастардың облыстық форумын аяқтады.

Сонымен, 2017 жылғы үздік ресурстық орталыққа «Өскемен қаласының Жастар Орталық ресурсы» аталып, бірінші орынды алды. «Жас көшбасшы» атауына Д. Серікбаев атындағы ШҚО техникалық университетінің жастар ісі бойынша төрағасы, педагогика және жаратылыстану ғылымдарының магистрі Берік Қадыров ие болдды. «Жылдың студент көшбасшысы» аталымына әділқазылар екі жасты бірдей ұсыныпты. Олар Семей қаласындағы «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы Жомарт Рятов пен «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқып жатқан С. Аманжолов атындағы университеттің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Әбілхайыр Темірханұлы.


Шемонаиха ауданының «Уба-информ» газетінің журналисі Алексей Слонов «Жылдың үздік журналисі» атанды. «Жылдың үздік жастар ұйымы» болып, «ҚазЦИНК» ЖШС-інің Жастар Кеңесі иеленді. М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің жас маманы Әйгерім Нұрланова «Жас кәсіпқой» атанды. «Жас отбасы» аталымына Жамқановтар отбасы ие болды. Жамқановтар отбасының ата-аналары Мария мен Еркебұлан, 26-27 жаста. Үлкен қыздары 6-да, кішілері 11-айлық. Қазірге уақытта бұл отбасы Абай ауданында тұрып жатыр. Мария бала тәрбиесінде, ал Еркебұлан қолөнерші, басқа да кәсіптері бар. «Жылдың жастар акциясы» аталымына «Автокино» акциясымен Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің бағдарламалаушысы Айдар Тұраров ие болды. Барлығын облыс әкімінің арнайы сыйлығымен марапаттап, ҚР Жастар конгрессі, КТК ұйымының марапат қағаздары және ҚР Азаматтық және дін істері министрілігінің грамоталары табысталды. Соңында Вена балы өтті. Оған 300 жұп қатысып, кештің сәнін кіргізді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив