KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 7 м/с, С
448.56 478.03 4.79

«Мейірім күні» 200 балаға қамқорлық көрсетілді

26.11.2017, 08:17 134

ШҚО ІІД қызметкерлері  жыл сайын  " Мейірім күні“ акциясын өткізуді дәстүрге айналдырған. Осы жолы олар Н.Крупская атындағы мектеп- интернат тәрбиеленушілеріне " жылы сыйлықтар" табыстады.  Жиналған қаражаттарына олар қыстық  киімдер, спорттық жейделер мен аяқ киімдер  үлестірді.


 - Біз 1ші қыркүйектен бастап қайырымдылық жұмыстарын барлық өңірде өткіземіз.Балаларға мектепке қажетті құралдар беріп, өз көмегімізді көрсетеміз. Бүгін 200 балаға киім-кешек әкелдік. Жаңа жылға дейін тағы бірнеше акция ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша облыстағы балалар үйіне қамқорлық жасамақпыз,-деді ШҚО ІІД кадрлар жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Марат Баялдинов.


Жеткіншек ұл-қыздар жылы киімдерді қуана киіп көріп,  ризашылықтарын жеткізді. Бұндағы көптеген балалар көп балалы отбасынан шыққан,сондықтан көмекке мұқтаж .


-Менің тағы да екі ағам, екі сіңілім бар.Мына әдемі жейде маған қатты ұнап тұр, қазір тағы да жаңа киімдер әкеледі. Мен осылай көмек көрсетіп жатқандарға  үлкен алғысымды білдіремін,-деді 13 жастағы Николай Вилинский.

Бұл мектепте көпбалалы немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан не болмаса қамқоршысы жоқ, психикалық дамуында ауытқулар бар бар 225  бала тәрбиеленіп жатыр. Олар мектепте 5 күн бойы болып, тек сенбі жексенбіні өз үйлерінде өткізеді.



– Көмек әрқашан да артық емес,өйткені жылы киім алуға кейбір ата-аналардың жағдайы жоқ. Бұндай акциялар жиі болады әсіресе ІІД қызметкерлері осындай қайырымдылық мақсатпен үнемі келеді,-деді мектеп директоры Татьяна Алтухова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив