KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 7 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО-да «Бизнес-мектеп» жобасы жүзеге асып жатыр

21.11.2017, 04:10 208

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес-мектеп» компонентін іске асыруды жалғастыруда! «Бизнес-мектеп» жобасын жүзеге асыру «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» төртінші бағыты аясында іске асырылады.


«Бизнес-мектеп» компоненті моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарға оқыту жобаларын ұсынуға бағытталған.


ШҚО-да «Бизнес – мектеп» компонентінің қызметтері моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында (КҚО), Семей, Өскемен қалаларында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында (КҚКО) ұсынылады.


«Бизнес-мектеп» компоненті аясындағы оқыту семинар-тренингтері мыналарды ұсынуды қарастырады:

1 кезең. Кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқыту. «Бизнес – Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік іс-әрекетін жүргізу негіздеріне қысқа мерзімді оқыту;


«Бизнес – Кеңесші» жобасы – жеке бизнесті ашу, маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудің құқықтық негіздері, қаржылар бойынша қысқа мерзімді оқыту, оның мақсаты Қазақстанның барлық өңірлерінде шағын және орта бизнестің сапалы дамуын ынталандыру болып табылады.


Шығыс Қазақстан облысында «Бизнес – Кеңесші» жобасы бойынша оқыту бизнес-тренерлер арқылы жүргізіледі. Оқу курсының ұзақтығы – 2 күн. Сабақтар интербелсенді режимде практикалық жағдайларды және жаттығуларды талқылау арқылы өткізіледі. Оқу ақысыз.


2 кезең. «Бизнес-Өсім» және «Тәлімгерлік қағидаларын қолдана отырып жобалық оқыту» жобалары бойынша кәсіпкерлік іс-әрекетті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқыту.


«Бизнес-Өсім»


Аталмыш жоба «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша курстарды өткені туралы сертификатқа ие шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне арналған.


Оқыту курсының мақсаты – өндіріс процесі барысында ресурстардың (уақыт, қаржы, адамдар, шикізат және материалдар) барлық түрлерін тиімді басқаруға, тауарлар мен қызметтер сапасын өсіруге қол жеткізуге, өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыру және білімдерді беру. Бұл кәсіпкерге тауарлар мен қызметтер нарығында бағалық және бағалық емес факторлар (сервис) есебінен бәсекеге қабілетті артықшылықтарға қол жеткізуге, адами фактордың әсерін минимумға жеткізуге, ақау үлесін төмендетуге, жұмыс процестерінің жоғары бақылаушылығын және басқарушылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


«Бизнес-Өсім» жобасы бойынша оқытудың ұзақтығы оқыту тақырыбына байланысты 2-ден 5 күнге дейін іске асырылады. Оқыту аяқталған соң жобаға қатысушыларға сертификат беріледі. Оқыту ақысыз.


«Тәлімгерлік қағидаларын қолдана отырып жобалық оқыту»


Жобалық оқыту (арнайы жоба бойынша).


Бірінші кезеңде оқытылған тыңдаушылар қатарынан бағыттар және жобалар бойынша топтар іріктеледі және жинақталады.


Бастаушы кәсіпкерге таңдауға аталмыш ауданда немесе моноқалада (шағын қалада) іске асыруға болатын бірнеше шағын жобалар ұсынылады. Сонымен қатар, жобалар «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» бизнес-анықтамалығынан қалыптастырылады.

Мақсаты:


кәсіби білім ұсыну (аудандарда, моноқалаларда, облыс орталықтарында бизнестің нақты түрін ашу және дамыту бойынша қадамдық нұсқаулықтар) және табысты кәсіпкерлердің, салалық мамандардың қатысуымен практикалық дағдыларды шыңдау (әректеттегі жобаның немесе бизнестің практикалық үлгілерінде).


Аталмыш жоба «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификаттарға ие шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне арналған. Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқытудың ұзақтығы жобаға байланысты 3 аптадан 2 айға дейін.

Оқыту ақысыз негізде жүргізіледі.


«Жас кәсіпкер мектебі» компоненті


Шығыс Қазақстан облысының Кәспкерлер палатасы «Жас кәсіпкер мектебі» компонентін іске асыруды жалғастыруда! ЖКМ жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» төртінші бағыты аясында іске асырылады және жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға ықпал етуге, жастарды кәсіпкерлік қызметке белсенді тартуға, жас кәсіпкерлер құзірет деңгейін арттыруға бағытталған.


«ЖКМ» жобасы мыналарды қарастырады: жастарды кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту; бизнес-жоспарларды дайындау бойынша консультациялық қызметтер көрсету; «ЖКМ» жобасына қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауын ұйымдастыру; «ЖКМ» жобасы тыңдаушыларының неғұрлым сәтті бизнес-жобаларын таныстыру арқылы өңірлерде «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсын ұйымдастыру; үздік бизнес-жобаларға – «Идеялар жәрмеңкесі» конкурсының жеңімпаздарына қаржыландыру алуға жәрдемдесу.


«ЖКМ» жобасына 18-ден 29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары тыңдаушы бола алады.


Оқыту процесінде «ЖКМ» жобасына қатысушыларға кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері және бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша оқу-әдістемелік материалдар, сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалығы ұсынылады.


Оқыту қорытындысы бойынша бизнес-жоспарлар табысты қорғалған жағдайда «ЖКМ» тыңдаушыларна «ЖКМ» жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификаттар беріледі.

«ЖКМ» жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификаттың болуы Бағдарлама аясында гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу құқығын береді.


Бағдарламаның әрбір қатысушысы өз тәжірибесіне, біліміне, жетістіктеріне, бастамасына, әлеуметтік маңызды жобаларға, бастамаларға қатысу ниетіне сүйене отырып, өз әлеуетін іске асыру мүмкіндігіне ие бола алады.


«ЖКМ» жобасы тыңдаушыларын оқыту және оқу-әдістемелік материалдарды, шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалығын ұсыну ақысыз негізде іске асырылады.


Өтінімдерді қабылдау 2017 жылдың 04 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасында басталады, мекенжайы:


Өскемен қ., Жеңіс д-лы, 6, 17 каб., тел. 702-952 немесе e-mail: m.mun@palata.kz.

Семей қ., Абай д-лы, 5, 102 каб., тел. 56-28-67.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив