KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы волейбол бәсекесінің жеңімпаздары анықталды. ШҚО

20.11.2017, 10:35 138

ШҚО-да мемлекеттік қызметкерлер арасында XVI облыстық спартакиада өтуде. Бүгін облыстық басқармалар арасында волейбол бәсекесінің жеңімпаздары анықталды.


Ала доп бәсекесінде барлығы 12 құрама жарыс жолына шықты. Олар 4 топқа бөлініп өнер көрсетті. Алғашқы күні жарты күнге созылған ойындар нәтижесінде 6 ұжым жартылай финалға жолдама алды.Айта кетсек, аталмыш оындарға басқарма басшылары да белсенді қатысты. Соның ішінде облыстық дене шынықтыру және порт басқармасының басшысы Асқар Можанов, ШҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Болат Акужанов, Дін істері басқармасының басшысы Бейбіт Әшімов өз командаларымен алаңға шығып, бақ сынады.


Қарашаның 19 күні «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы», «ШҚО дін істері басқармасы», «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарамсы», «ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқрамасы», «ШҚО ішкі саясат басқармасы»және «ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқрамасы», « ШҚО жер қатынастары басқармасы», сондай-ақ, «ШҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы»біріккен командалары жүлде үшін таласқа түсті. Сонымен, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиадада барлыққарсыластарынан басым түсіп, «ШҚО ішкі саясат басқармасы» топ жарды. «ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқрамасы», « ШҚО жер қатынастары басқармасы», сондай-ақ, «ШҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» біріккен командалары спартакиаданың 2-орынын қанағат етсе, «ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарамасы» жүлделі 3-орыннан көрінді.


ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив