KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

Үй тар болған соң осындамыз

20.11.2017, 08:54 151

Өскеменнің жанындағы Солнечный кентінде орналасқан қарттар мен мүгедектер үйінде тұрып жатқан 120 жанның 34-і қазақтар екен. Араларында 90-нан асып бара жатқан қариялар да бар.

Тағдыр айдап осы жерді қара шаңырақтарына айналдырған жандардың ішінен өңірдегі қазақ аудандарынан, қазақ отбасыларынан келген ата, апаларымызды да көрдік өкінішке қарай. Жалғызбасты немесе қарайтын адамы болмаса бір сәрі, олардың кейбірі ұл-қызы, туған-туысы бар екеніне қарамастан, бірнеше жылдан бері осында тұрып жатыр.


- Балам неге жоқ болсын, бар, не деп айтуға болады енді... Үш ұлым бар. Өзім Зайсанда 40 жыл бойы «шопыр» болып еңбек еттім. Жасым 78-ге кетті. Үй тар болған соң, балалар осында әкелді. Қонақ келеді, бәлен келеді, ақыры осында келдім. Бұл жерде көріп тұрғандарыңдай бәрі дайын, бәрі жақсы, тазалық қандай, - дейді Сайлаубек қария.


Өзі 10 жылдан бері тұрып келе жатқан Өскемен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, қарттар үйінің тазалығы туралы тамсана айтқан атаның жүзінде бәрібір кірбің бар.


Қарттар үйінде тұратын жандардың өз алдына отау үй болып, отбасын құрып жатқандары бізге таңсық емес болып кетті. Солнечный кентіндегі қарттар үйінде де дәм-тұзы жарасқан 6-7 отбасы бар екен. Сайлаубек ата да осында Гүлбаршын апамен бас қосыпты. Апамыз болса Марқакөл жақтан.

Жақсылыққа да, жамандыққа да заман емес, адам себепші ғой. Басы артық пәледен құтылғандай болған туған перзенттері қарияны қалай өткізді екен бұл жерге?!


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив