KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
448.15 483.46 4.86

Үстел теннисінің үздіктері анықталды

20.11.2017, 04:24 107

Өскеменде мемлекеттік қызметкерлер арасында өтіп жатқан XVI облыстық спартакиадада үстел теннисінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.


Үстелтеннисі және волейбол ойындарына облыстық басқарма басшылары да қатысты. Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов, Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы Болат Акужанов үстел теннисінен бақ сынады.


Екі күнге созылған сайыста, «ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқрамасы», «ШҚО жер қатынастары басқармасы», сондай-ақ, «ШҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» біріккен командалары облыстық спартакиаданың жеңімпазы атанды. Ал екінші орыннан «ШҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы» көрінсе, «ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқрамасы» облыстық спартакиаданың 3-ші орын иегері атанды.


ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив