Үлкен теннистен жасөспірімдер арасындағы халықаралық«Ust-Kamenogorsk ITF Junior G3» санатты жарыс мәресіне жетті

Өскеменде үлкен теннистен жасөспірімдер арасындағы халықаралық «Ust-Kamenogorsk ITF Junior G3» санатты жарыс мәресіне жетті.
Қаладағы «Smash» теннис орталығында «Қазцинк» ЖШС-нің мұрындық болуымен осымен үшінші рет ұйымдастырылған турнирге еліміздің, сондай-ақ Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Армения мен Ресейдің 18 жасқа дейінгі 60-тан астам спортшысы қатысты. Бір апта бойы жас теннисшілер жұптық және жекелей сындарда өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде ұлдар арасындағы жекелей сында Ресейдің Челябі қаласынан келген Вячеслав Юлик топ жарды. Ал жұптық сайыста Раиль Ибрагимов пен Денис Орешинге (екеуі де Ресей) тең келер қарсылас табылмады. Сол сияқты қыздар бәсекесінде де бас жүлделерге ресейліктер ие болды (жұптық сайыста Е.Дементьева мен М.Ткачева, жекелей сында М.Ткачева).
Жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.