KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

"Торпедоның" бас бапкері Алексей Ждахин қызметінен кетті

15.11.2017, 08:59 222

Өскемендік «Торпедо» хоккей клубы команданың бас бапкері Алексей Ждахинмен келісімшартын бұзды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлайды.


«Келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша күшін жойды» делінген хабарламада.


Естеріңізге салайық, Алексей Ждахин баптаған «Торпедо» былтыр өз тарихында тұңғыш рет Жоғары хоккей лигасының тұрақты чемпионатында топ жарып, Братина кубогының финалына дейін жеткен болатын. Ждахинмен өскемендік команда ЖХЛ аясында 72 ойын өткізіп, оның 38-інде негізгі уақытта жеңіске жеткен-ді. Бұл ойындарда қарсыластар қақпасына 223 шайба соғылып, рекордтық 141 ұпай қоржынға түскен.


Дегенмен биылғы біріншілікте команданың аяқ алысы әзірге мәз емес. 22 кездесуден кейін 32 ұпай жинаған жерлестеріміз қазір турнир кестесінің бар болғаны 18-ші сатысында орналасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив