KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Зайсан көлінде сазан мен табан балықтың өсімі ұлғайып келеді

9.11.2017, 06:12 312

Шетелде , өзімізде үлкен сұранысқа ие болып келе жатқан көксерке мен оның қорегі – табан немесе тыран (лещ) балығы біздің көлдерге бұрыңғы кездері жерсіндірілген балықтар. Шығыс өңірінде болмаған бұл балықтар 1959-1966 жылдар аралығында Бұқтырма мен Зайсанға Балқаш көлінен әкелініпті.


Волгадан әкелінген көксеркелер алдымен Балқашқа, Аралға, одан соң Алакөл мен Бұқтырма су қоймасына ,Зайсанға жерсіндірілген. Жаппай жерсіндіру жұмыстары жүрген 7-8 жыл ішінде Бұқтырма су қоймасына 170 мың дана көксерке әкелінген. Тез өсіп, жетілетін көксерке 1972 жылдардан бастап кәсіптік деңгейде аулана бастаған. Уылдырық тастайтын жерді, судың таяз, тереңдігін талғамайтын көксеркеге құмдауыт жер болса жетіп жатыр.

«Алтай» филиалы гидрогеологтарының жүргізіп жатқан зерттеулері көрсетіп отырғандай аймақтағы көлдерде көксеркенің қорегі жеткілікті. Оның басты қорегі- табан балықтары көлде тіпті күрт көбейіп кеткен. Енді бұл балықтардың өзіне қажетті қорек азайып кетуі мүмкін деп күдіктеніп отыр мамандар. Осыған орай аймақтық мамандар жануарлар және орман шаруашылығы комитетіне табан балығын аулау көлемін ұлғайту туралы ұсыныс жолдаған.


Биологиялық негіздемелер бойынша соңғы жылдары облыста сазан балығы да көбейген көрінеді. Келер жылға Бұқтырма су қоймасында сазан балығын лимит бойынша аулауға рұқсат берілмейді. Одан арғы жылы да бұл су қоймасынан сазан аулау тоқтатыла тұрмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив