KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Күршімде көксерке балықты қолдан өсіру жобасы қолға алынады

9.11.2017, 05:58 258

Биылдан бастап еліміздің тарихында алғаш рет ауыл шаруашылығын дамытудың 2017-2022 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы бойынша балық шаруашылығына да инвестициялық субсидия бөлініп жатыр. «Қазақ балық шаруашылығы ҒЗИ» ның Алтай филиалы мамандары көксерке балығын қолдан өсіріп, көбейтуге, балық кластерін құруға бағытталған жобаны осы мемлекеттік бағдарлама аясында іске асыруды жоспарлап отыр. Филиал ихтиологтары жобаны Күршім ауданынан бастамақшы.


- Жоба Ауыл шаруашылығы министрлігіне өткізілді. Ұлттық ғылыми кеңес бекітсе біз балық шаруашылықтарымен бірге жүзеге асыруға әзірміз. Қазір шығыстағы балық өңдеу зауыттары толық қуатының 50 пайыз көлемінде ғана жұмыс істеп тұр. Сол себепті тоған шаруашылығын дамытып, балық көлемін көбейте түсуіміз қажет. Күршім ауданында жобаны іске асырудың алғышарттары жеткілікті. Ол жақта «Төретоғам» балық зауыты, «Өркен» балық кәсіпорыны, Бұқтырма уылдырық шашу, балық өсіру шаруашылығы бар, көлдер де көп. Кемеркөлде жылына 100-200 тонна балық өсіруге мүмкіндік бар,-дейді көксеркені өсіріп, көбейту жобасының экономикалық тиімділігі турасында «Алтай» филиалының директоры Сымбат Ануарбеков.


Қазіргі күні Күршімдегі Бұқтырма балық өсіру, уылдырық шашу шаруашылығы 20 пайызға ғана жұмыс істеп тұр. Жоба бойынша экспорттық сұранысы жоғары көксерке балығы осы шаруашылық негізінде көбейтілмек.


Қазақ балық шаруашылығы институты филиалының ихтиологтары көксеркені көбейтудің әдіс-тәсілдерін ғылыми тұрғыда бекітіп, іс-тәжірибемен көрсетіп отыр. Балықты өсіретін, оны сатып алып, өңдейтін тұлғалар үш жақ болып уақытша консорциум құрып, жұмыс істемек. Алтай филиалы жобаны жүзеге асыратын Бұқтырма балық өсіру , уылдырық шашу шаруашылығымен ынтымақтастық келісімге отырған. Бүгінгі күні балық өсіру, уылдырық шашу шаруашылығы көксеркенің аналық, аталық дарақтарын тоғанға жіберуге дайындап жатыр. Көксерке балығын көбейтуге, балықтардың қыстап шығуына шаруашылыққа бір тоған бөлініп берілген. Көксеркенің қорегі болатын жергілікті балықтар -табан, амур шабағы балықтары да тоғанға қоса жіберіліп жатыр. Қара күзде тоғанға 200 дана көксерке балығы отырғызылып, сәуірде сол тоғаннан ауланған балықтардың уылдырығы жиналып алынып, инкубация жасалынады, балықтардың өзі тоғанға қайтадан жіберілмек. Шілде айында уылдырықтар 5 грамдық құртшабақ болып жетілгенде көлге жіберіледі.


Қазіргі әдіс-тәсілдер бойынша аталық пен аналық дарақтар уылдырығының 30 пайызы ғана құртшабаққа айналып келеді. Жобада көрсетілгендей мамандар олардың өсіп, өніп, құртшабаққа айналу көрсеткішін 80 пайызға дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.


Зайсан көлін пайдаланушылар –«Төретоғам», «Ұлтарақ», «Дигам», «Зайсан балықшылары» серіктестіктері өз тараптарынан да көксеркені өсіріп, көбейту жобасына қаражат бөлуге даяр екендіктерін білдірген. Тек жеке меншік инвестиция салушыларға аулауға рұқсат етілетін көксерке балығының көлемін, лимит көлемін ұлғайту мәселесі нақты шешілсе болғаны


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив