KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность Штиль
448.81 476.82 4.77

Абай ауданына жаңа әкім тағайындалды

7.11.2017, 04:22 216

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өкімімен Абай ауданының әкімі қызметіне Жарқынбек Байсабыров тағайындалды. Бұған дейін ол Үржар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.


Жаңа басшыны аудан активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов таныстырды. Жарқынбек Борашұлы 1969 жылы 9 тамызда Үржар ауданы Бірінші май ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Семей зоотехникалық-ветеринария институтын мал дәрігері және 2008 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.


Еңбек жолын 1992 жылы Бірінші май ауылында Калинин атындағы колхозда санитарлық-емдеу пунктінде меңгеруші қызметінен бастаған. Одан кейін бірнеше жыл «1 Май» ЖШС меңгерушісі болды. 1998-2004 жылдары аралығында «Ерасыл» шаруа қожалығын басқарып, артынша Үржар ауданының Некрасов ауылдық округінің әкімі болды. 2006 жылдың қыркүйегінен бастап Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды. Ал 2008 жылдан осы күнге дейін Үржар ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив