KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
448.15 483.46 4.86

16 қараша күні Көкпектіде республикалық ақындар айтысы өтеді

3.11.2017, 09:09 150

Көкпекті ауданының орталығында 16 қараша күні танымал айтыскер, ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына дүбірлі айтыс өтеді.


Іс-шара сағат 11.00-де Көкпекті ауданының тарихи - өлкетану мұражайында Қ.Алтынбаевқа арналған залдың ашылу рәсімінен басталып, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің алдында орнатылған Кеуде мүсіннің ашылу рәсімімен жалғасады.


Сағат 12.00- де Қ.Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Қалихан Алтынбаевтың 90-жылдығына арналған салтанатты жиын өткізіледі.


Сағат 14.30 –да Қ.Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына арналған «Жыр тұнған жағасында Көкпектінің» атты республикалық ақындар айтысы өткізіледі.


Айтысқа : Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртайұлы, Серік Қуанған, Әсем Ережеқызы, Тоба Өтепбаев,Оңғар Қабден, Марат Ахметов, Нұрлыбек Құрманов, Манарбек Сатыбалды, Жасұлан Мақаев сынды айтыскерлер қатысады. Айтысты ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Жүрсін Ерман жүргізеді.

Байланыс телефондары: 8(72348)2-12-95, 8(771)913-94-00, 8(777)152-56-53 , 8(747)146-46-06


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив