KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 2,7 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Абайдағы «Балдәурен» балабақшасы басқаларға үлгі боларлықтай

3.11.2017, 03:28 125

Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында 140 орындық балаларға арналған «Балдәурен» ясли-бақшасы салтантты түрде ашылғанына азғана уақыт болды. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік отбасы, ата - ана тәрбиесі болса, екінші бесік білім беру мекемесі.


Ал мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы, дейді «Балдәурен» ясли-бақшасының меңгерушісі Мәдина Қарақабақова. Оның айтуынша, балабақшадағы тәрбие, бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Осы тұрғыда «Балдәурен» балабақшасы оқу жылында жоспарлы түрде жылдық міндеттер мен мақсаттарға сай жұмыс жасап келеді.


- Мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз,-деді Мәдина Доғалбекқызы,-танымдық, шығармашылық-эстетикалық тұрғыда мектепке дейінгі жастағы балаларда түрлі қимылды-ойындар арқылы баланың қабілетін дамытуға тырысамыз.Осы талаптарды жүзеге асыра отырып педагогикалық кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстел, тақырыптық тексерулер ұйымдастырылып отырылады. Барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалып отырды. Жаңадан ашылып жатқанымызға қарамастан ата-наларымызға «Балабақша туралы білесіз бе?» атты ашық күні өткізілдік. Бұның мақсаты - жаңадан келген балаларды балабақша өмірімен және күнделікті күн тәртібімен таныстыру. Алдағы уақытта 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіз елдің шаңырағы» атты отбасылық сайыс ұйымдастырып, «Біз бақытты елміз» бұрышын ашып, онда «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан», «Елін сүйген- Елбасы» тақырыбында ашық сабақтар өткізуді дәстүрге айналдырмақпыз. «Егеменді ел» балалар сурет көрмесі, «Тәуелсіздікке -26 жыл» мәнерлеп оқу байқауы сияқты тағы басқа шаралар легі тұр.


Педагогтар барлық шаралар барысында балаларға өз жас ерекшеліктеріне сай үш тілді игеру мақсатында бүлдіршіндердің сөздік қорларын молайтып, қоршаған орта, сандар әлеміне саяхат, ұлттық ойындар, сурет өнері, ән, би, спорт өнерлері күнделікті іс-тәжірибеде қолданыа жүр. Жыл бойына балабақша педагогтары мен тәрбиеленушілері аудандық, қала, облыс көлемінде ұйымдастырылған барлық жиындарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда екен. Облыстық «Балапан»,«Пони», «Адам және табиғат» сияқты конкурстарға қатысқан бүлдіршіндер І орындарға ие болса, «Балбөбек» бишілер тобы Республикалық «Айгөлек» би байқауында «Көбелек» биін үздік билеп, жүлделі І орынды жеңіп алыпты. «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы жаздық маусым кезінде «Үздік аула» байқауына қытысып аудан, облыс көлемінде «Бас жүлдені» жеңіп алғаны тағы бар.


Міне, Абай ауданындағы «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасының оқу жылында жасаған жұмыстарының және жеткен жетістіктерінің нәтижесі айтарлықтай. Олардың осындай жетістіктерге жетуінің сыры мейірімді де сабырлы Мәдина Доғалбекқызы Қарақабақованың білікті басшылығында жатыр. Мадина Доғалбекқызы өз ісіне жауапты білімді, алға қойған мақсатын жүзеге асыра білетін, ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары басшы.


Балабақшада берілетін тәрбие бұл өмірлік тәрбиенің бастамасы. Бала бойындағы жақсы қасиеттері мен мүмкіндіктерді аша отырып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуі жоланда балабақша ұжымы ерекше ұйымшылдықпен еңбек етуде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив