ШҚО жолдарында тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізілді

2017-2018 жылдардың қыс мезгілінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автомобильдік жолдарда тіркемелері (жартылай тіркемелері) бар көлік құралдары қозғалысы үшін шектеулер енгізілді:
- «Өскемен – Зырян – Рахман қайнары» жолында 46-ші шақырымнан 66-ға дейін (Северное ауылынан Серебрянск қаласы аралығында), «Осиновск» асу жолында;
- «Өскемен - Тарғын - Самар» жолында 62-ші шақырымнан 145-ке дейін (Тарғын – Самар ауылдары аралығында), «Умыш» асу жолында,
- «Өскемен – Таулы Үлбі - Северное» 18-ші шақырымнан 60-ға дейін (Каменный Карьер – Северное ауылдары аралығында),
- «Теректы – Урунхайка – Төсқайын» 7-ші шақырымнан 57-ге дейін, «Мраморный» асу жолында.
Жоғарыда көрсетілген жолдар учаскелерінде «Қазавтожол» ЖШС-нің облыстық филиалы, «Облшығысжол» мекемесі «Тіркемесі бар көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады» дегенді білдіретін 3.7 жол белгісін орнатты.