KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да көмірдің бағасы қымбаттап кетті

26.10.2017, 03:05 143

Алты ай қыста от жағып, үй жылыту үшін облыс халқына 1млн.135 мың тонна көмір қажет. Қазір бұл қажеттіліктің 720 мың тоннасы жеткізіліп, ел қысқы отынның 65-70 пайызымен қамтылып отыр. Аймақта кеніштерден өндіріліп жатқан көмірді жұртқа жеткізіп берумен 34 дайындау-бөлу пункті айналысып жатыр.

Облыстық энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ринат Болатханның түсіндіргеніндей бүгінгі күні өңірдің көмір нарығындағы жағдай тұрақты. Көмір тапшылығы жоқ, кеніштерден тасымалданып жатқан отын қоры жеткілікті.


Қазір Қаражыра көмір кенішінен көмірдің тоннасы 3 мың 200 тоннадан босатылып жатыр. Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша бұл биылғы жыл үшін нақты бекітілген баға, өзгермейді.

Көмірді аса көп қажет ететін Өскемен мен Семей қаласының тұрғындары қыс бойы 235-250 мың тонна көмір жағады. Облыс орталығында халыққа көмір сатып отырған «ВЭУС» ЖШС нің Защита мен Сол жағалау ауданының Самар тас жолы бойындағы қоймаларында көмір сатып алушыларға тоқтаусыз сатылып жатыр. «ВЭУС»тың Аягөз, Зырян, Шемонайха, Глубокое аудандары мен қала маңындағы Предгорное ауылындағы көмір қоймаларынан да көмір күні бойы сатылып келеді. Қыркүйек айынан бері ол қоймалардан 140 мың тонна көмір сатылған.


Тас көмірге деген тапшылық жоқ болғанымен, облыста көмірдің бағасы 15-20 пайызға қымбаттап кеткен. Энергетика министрлігі көмірдің бұлайша қымбаттауына ең алдымен темір жол тасымалы қызметі бағасының көтерілуі әсерін тигізді деген түсініктеме таратты. Ал, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметі бойынша қазір (бір апта бұрын. авт.) облыста көмірдің орташа бағасы 10 мың 389 теңге, ал, Өскемен қаласында 8 мың 50 теңге болып тұр. Жергілікті жердегі ТҮКШ бөлімдері мен аудан әкімдіктерінің облыстағы басқармаға беріп отырған соңғы мәліметтеріне қарасақ осы күні көмір барлық аудандарда қолжетімді бағаға, тіпті арзанға сатылып жатыр.


Мәліметте: Зайсан ауданында көмірдің тоннасы-10мың 500, Күршім ауданында -13 мың, Катонқарағай ауданында 12 мың 500 теңге деп көрсетілген. Оған қарап отырып тұрғындардың, жергілікті елдің көмір бағасының қымбаттап кеткені туралы айтып, жазып жатқаны жалған ба деп қаласың. Үржар ауданындағы көмір бағасының құны ғана шындыққа жақын болып шықты-16 мың теңге екен.


-Облыста көмірмен қамтуға байланысты ешқандай мәселе жоқ. Өскемен қаласы, Зырян, Аягөз, Глубокое, Шемонайха аудандары бойынша көмірді қоймаға тасымалдап, бөлуші-«ВЭУС» толайым сатып алу кәсіпорыны басшысымен, Қаражыра көмір кеніші, «ҚТЖ» АҚ өкілдерімен, қалалық әкімдікпен бірлесе жиын өткіздік. «ВЭУС» ЖШС Қаражыра кенішіне көмір тасымалдау көлемін 20 вагонға көбейтуге тапсырыс беріп отыр. Яғни, бұрын тәулігіне орта есеппен 54 вагон көмір жеткізіліп тұрса, енді ол 74 вагонға көбеймек. Жолда 100 вагон көмір келе жатыр. Ол көмір аптаның аяғында келеді. Иә, «ВЭУС» қоймаларының алдында ұзын –сонар кезекке тұрған көліктердің көптігін көріп отырмыз. Бірақ, бұл көмір жетпейтіндікті білдірмейді. Күзде жапа тармағай көмір сатып алуға ұмтылған халық бұл дүрбелеңді қолдан жасап алып отыр. Былтырғымен салыстырғанда биыл көмірдің мөлшері 122 пайызға көп. Қаражыраның көмірін дайындап, жеткізумен айналысатын 33 субьекті бар. Бәрі де өз аймақтарын көмірмен қамтып отыр. Өскемен, Зырян, Шемонайха, Глубокое аудандарындағы көмір қоймаларына көмір күнделікті 24 сағат бойы келіп жатыр. Қазақстан темір жолында да көмір тасымалының жағдайы күнделікті бақылауда,-дейді облыста көмір тапшылығы жоқ екенін, көмірдің жеткілікті екенін айтқан басқарма басшысының орынбасары Ринат Болатхан.


Өскемен қаласы бойынша әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындарға әлеуметтік көмір 7 600 теңгеден сатылып жатыр. Бұл топқа жататын тұрғындарға 2017-2018 жылдардың қыс мерзіміне 35 мың тонна көмір қарастырылған. Соғыс ардагерлері, көп балалы ааналар, зейнеткерлер мен мүгедектерге жеңілдікпен берілетін көмірді қажет ететіндердің тізімі жасалып, көмір тасымалданып, жеткізліп жатыр. Осы уақытқа дейін 35 мың тоннаның 20 мың тоннасы жеткізлген. Көмірдің бөлінуіне Ауған соғысына қатысушылардың ұйымы бақылау жүргізіп отыр.


Кейбір жергілікті әкімдіктегілердің жауырды жаба тоқып, жоғарыға берген өз ақпарларында көмір бағасының көтерілмегенін көрсетіп баққысы келгенімен, көмір күтіп жүрген қара халыққа одан қандай қайыр. Қалада, Өскеменде 8 мың 50 теңге болып, ауылға екі еселеніп, 16 мың теңге болып жетіп жатқан көмірге, көмір нарығына бақылау жүргізіп, реттейтін, оның қымбаттамауына тосқауыл қойып жатқан біреу бар ма?


-Былтыр басқарма көмірдің кеніштен шығып, қоймаға түскеніне, одан әрі қарай тасымалданып, ауылға жеткеніне дейінгі бағасына талдау жасады. Қаражырадан қаншаға сатылды, қай жерге қандай бағамен жеткізілді? Көмірдің жылжу схемасын жасадық. Былтыр облыс орталығында көмір 7 мың 200 теңге болған. Талдау нәтижесінде көмірдің ауылға дейін 20-25 пайызға өсіп кеткендігі анықталды. Әр аудан әкімдігі, жергілікті әкімшілік көмір бағасының ауылға жеткенше бұлайша көтеріліп, қымбаттап кетпеуіне тосқауыл қойып, көмір нарығындағы жағдайды реттеудің тетіктерін тауып, осы бағытта белсенді жұмыс жүргізу керек. Былтыр мысалы, Көкпекті,Тарбағатай аудандарының әкімдіктері меморандумдарға отырып халыққа жақсы жағдай туғызды. Бұл бағытта аудан әкімдіктері Өскемен қаласы әкімдігінің атқарып отырған іс-шараларын назарға алса.-дейді Ринат Болатхан.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив