Зайсандықтар жазушы Қабдеш Жұмәділовпен жүздесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Зайсан ауданындағы М.Дәуленов атындағы мектеп-интернат үйінде «Тағдырлы тұлға» тақырыбымен халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовпен кездесу өтті.
Кездесуде «Жастар поэзия» театры «Баймұрат батыр» қойылымын ел назарына ұсынды. Ал Зайсан аудандық мәдениет үйінің әншілері ән-жырларын ортаға салды. Қабдеш Жұмаділов өзімен жүздесуге келген жұртшылықтың қолындағы кітаптарға қолтаңбасыне жазып берді.
Жазушымен кездесуге Семейден арнайы барып қайтқан тарихшы-ғалым Мұхаметқазы Мұхамадиевтің айтуынша, зайсандықтардың жиыннан алған әсері шексіз.
-Қабдеш Жұмаділов қазақ халқының біртуар азаматы, оның еңбекқорлығы мен талантты тұлғасы біз әрдайым жоғары бағалаймыз,-дейді Мұхаметқазы аға.
55
0
0
Сонымен қатар оқыңыз