KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Семейде Қабанбай батыр құрметіне самбодан республикалық кубок өтті

24.10.2017, 05:47 191

«Семей» спорт академиясындағы Қабанбай батыр мемориалында батыр баба құрметіне орай самбо күресінен Қазақстан Республикасының дәстүрлі Кубогы өтті.


Жарысқа Астана, Алматы қалаларынан, Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарынан келген 179 палуан қатысты. Командалық белдесуде ерлер арасынан Шығыс Қазақстан облысы 1 орын, Алматы қаласы 2 орын, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысы 3 орынға шықса, әйелдер арасында 1 орынға Шығыс Қазақстан облысы, екінші орынға Павлодар облысы көтерілді. Үшінші орынға ешкім белгіленбеді.


Ерлер арасында жекелей бәсекеде 1 орынға 52 келі салмақта Маңғыстау облысынан Аманбек Құлақаев, 57 салмақ дәрежесі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан Абылайхан Өскенбай, 62 келіде күрескен Алматы қаласының балуаны Санжар Қуатай, ал 68 келі салмақ дәрежесінде күрескендер арасында: 1 орында Ертан Зиябеков (ШҚО), 74 келі салмақ дәрежесінде күрескендер арасында: 1 орында Еркін Ерасыл (Қарағанды облысы), 82 келі салмақ дәрежесінде күрескендер арасында: 1 орын Әлібек Махамбетовке (Павлодар облысы), 90 келі салмақ дәрежесінде күрескендер арасында, 1 орын Азамат Ускеналиевке (ОҚО), 100 келі салмақ дәрежесінде күрескендер арасында: 1 орын Алматы қаласынан Мейрамбек Барахқа бұйырды. Ал әйелдер арасында бұл жолы 72 келі салмақ дәрежесінде күрескендер арасында жерлесіміз Зере Бектасқызы тағы бір мәрте өзінің мықтылығын дәлелдеп 1 орынды жеңіп алды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив