KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Алакөл мен Бұқтырма су қоймасы жағалауларынан жер сатуды тоқтату керек

11.10.2017, 07:37 116

Бірегей табиғатымен төрткүл тарапты тамсандыратын Шығыс Қазақстан жоғары туристік әлеуетке ие. Өңір экономикасының өрлеуіне қосар үлесі сүбелі болмақ саланың маңызы сондықтан зор.


Осы орайда ШҚО әкімі алдағы жазғы маусымға дейін көлік қатынасына қатысты мәселесі түбегейлі шешуді тапсырды. Нәтижесінде, автокөлік жолдары жөнделеді, Өскемен-Шар-Жалаңашкөл стансасы бағытында теміржол бағдары іске қосылады.


– Туристік кластер шоғырланған Алакөл мен Бұқтырма су қоймасын дамытуға арналған кешенді бағдарлама жасалуы керек. Және аталған екі аймақта жер сатуды тоқтату керек, - деді Даниал Ахметов.


Облыстық маслихат сессиясында сөз алған аймақ басшысы сондай-ақ, Шығыстың аумағында орналасқан кейбір су қоймаларының емдік қасиетін зерттеу қажеттігін алға тартты. Сарапшылардың алдын-ала жасаған мәліметіне жүгінсек, судың ерекше құрамының арқасында олардың 60 пайызға жуығы емдік қасиетке ие көрінеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив