KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

ШҚО-да медициналық робототехника орталығы ашылады

10.10.2017, 04:49 227

Бұл туралы облыстық маслихат сессиясында Даниал Ахметов мәлімдеді. Шығыс Қазақстанда денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған үшжылдық кешенді жоспарға сәйкес, өңірдегі медициналық мекемелер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Алдағы таңда межеге алынған жоспарлардың бірі – Қазақстандағы тұңғыш робот техникасы орталығын ашу.


– Дәрігерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге бастайтын жоба. Олардың жоғары біліктілігі іс жүзінде тәжірибеде қолданылғаны қажет. Облыста сонымен қатар, трансплантология орталығын да ашу қажет, - деп атап өтті Даниал Ахметов.


Облыста онкология, қан айналым жүйесі аурулары, ана мен баланы қорғау, травматология сияқты маңызды бағыттар бойынша дәрігерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған бағдарлама да жемісті нәтижесін беруде. 150 маман ағылшын тілін меңгеріп, олардың дені шетелдік жетекші оқу орындарында машықтанудан өтіп жатыр. Даниал Ахметов атап өткендей, денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат көлемі ұлғаймаса, қысқармайды. Бірнеше жылда Шығыста сапалы, жаңа бағыттағы медицина қалыптасады. Жаңа мекемелер ашылады, олардың ішінде Семейдегі ядролық медициналық орталық бар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив